Ақпараттық шолу

Айрықша жауапкершілікті қажет ететін науқан

Елімізде биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны «Ел тірегі - 2019» республикалық акция шеңберінде өткізілмек. Міне, осы шара аясында  Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Бекболат Орынбековтың басшылығымен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде азаматтарды 2019 жылғы көктемгі мерзімді әскерге шақыруды қорытындылай отырып, күзгі әскерге шақыруға тапсырмалар қою бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабағы өтті.
«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 Жарлығын орындау мақсатында қыркүйек айынан бастап, 18 бен 27 жас аралығындағы жастар қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер арқылы мерзімді әскерге шақырылады. Кезекті әскерге шақыру жасағын орындау бойынша жергілікті әскери басқару органдарында әскер жасындағы жастарға хабарлау, шақыру қағазын тарату жұмыстары басталып кеткен.
Осындай шараның маңыздылығына байланысты күзгі әскерге шақыруды сапалы өткізу үшін Тараз қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары төрағаларының, құқық қорғау органдары басшыларының, әскерлер мен ведомстволар өкілдерінің, облыстық қорғаныс істері жөніндегі қала басқармасы мен аудан бөлімдері бастықтарының, әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлім мен бөлімше бастықтарының, денсаулық сақтау бөлімі басшыларының орынбасарлары – медициналық комиссия төрағалары қатысты. Нұсқаулық-әдістемелік сабақ барысында облыстық жергілікті әскери басқару органдары басшыларының дайындықтары туралы баяндамалары тыңдалды және олар өз есептерінде алдыңғы әскерге шақыру науқанында орын алған мәселелерді қамтыды.
Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Е.Жабықбаев азаматтарды көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындысы барысында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген Байзақ, Т.Рысқұлов, Қордай, Меркі, Шу, Жамбыл және Мойынқұм аудандарын атап өтті. Сол сияқты әскерге шақыруға дайындық барысында Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелерімен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларының жоспары құрылып, бекітілгендігін, әскерге шақырылатын азаматтардың денсаулық, отбасы жағдайы, білім деңгейі туралы мәліметтер сарапталатындығын айтты.
Сондай-ақ азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі мен моральды-психологиялық тұрақтылық жағдайларына талаптар күшейтілді. «Әскери қызметшілердің моральды-психологиялық жағдайын тексеру арқылы азаматтардың қызметке жарамды, жарамсыздығын анықтап қана қоймай, офицерлердің әр сарбаздың қандай әрекетке икемді екенін білуіне болады», - деді келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру басқармасының бастығы подполковник Жәнібек Сапаров.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іріктеу, зерделеу және әскерге шақыру жұмыстары үзіліссіз, тоқтаусыз өткізілуде. Қазір әскерге шақырылатын азаматтарды зерделеу жұмыстары жүруде. Сұхбаттасу тек жастармен ғана емес, олардың ата-аналарымен немесе тәрбиелеушілермен, сондай-ақ жұмыс орнының басшыларымен өткізіледі. Бұндай сұхбаттасулар арқылы болашақ сарбаздардың моральды-психологиялық жағдайы анықталады. Жамбыл облысынан 2019 жылдың күзінде кейінгі қалдырылуға немесе босатылуға жатпайтын мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы шамамен бір жарым мың азамат шақырылады. Заңға сай мерзімді әскери қызметтен денсаулық, отбасылық жағдайына, оқуды жалғастыруға және т.б. дәлелді себептер бойынша босатылады. Соңғы аталғандарға ауылдық жердегі мұғалімдер, дәрігерлер кіреді.
Сабақты қорытындылай келе, облыстық әскерге шақыру комиссиясы төрағасы Бекболат Орынбеков жиынға қатысушыларға сәттілік тілеп, әскерге шақыру кезеңінде қатыстырылатын лауазымды адамдарға жеке жауапкершіліктері туралы жеткізді.

Болашақ Құрлық әскерлері білім алуға кірісіп кетті

Оқу жылы басталысымен Құрлық әскерлерінің Әскери институтының жас курсанттары да білім алуға кірісіп кетті. Биыл аталмыш жоғары әскери оқу орнында оқуға 800-ден аса талапкер ниет білдіргенімен, 280-нен аса курсант оқуға түсті.  
Құрлық әскерлері Әскери институтының бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады. Білім ордасы жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 11 мамандық бойынша әзірлейді. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің 2005 жылғы 30 қарашадағы шешіміне сәйкес институт аталған ұйымға мүше-мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрлар бірлігін дайындайтын оқу орындардың тізіміне қосылған.
«Әскери жоғары оқу орнында профессорлық-оқытушылар мен  жоғары білікті мамандардан құралған ұжым қалыптасқан. Білім ошағында заманауи оқу-материалдық база, әртүрлі техникалық оқыту құралдары бар. Институттың лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдерісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары, компьютерлік және есептеу аппараттары кеңінен қолданылады», - Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметкері Аида Бектурова.      
Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық – әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі. Ол әскери қызметшілердің қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы иемденуге, оларды ұрыста сапалы қолдануға, физикалық ауырлықтарды оңтайлы көтеруге, жауынгерлік істің жүйке-психикалық қысымдары мен икемсіз жағымсыз факторларына дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған. Айталық, арнайыланған залдарымен әдемі спорттық комплекс (гимнастика, ауыр атлетика, қоян-қолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б.), стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар. Спорттың әр түрінен спорттық секциялар тұрақты қызмет етеді.
Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру қарастырылуда. Көркемөнер ісі, бос уақытта қатысу бөлімдері (хореографиялық билеу, ұлттық аспаптар, вокалды-аспаптық ансамбль) жұмыс істейді. Институт басшылығы курсанттардың мәдени деңгейіне ерекше көңіл бөледі. Курсанттардың дұрыс өмірі мен оқуы үшін жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасалған.
Аида Бектурованың сөзіне сүйнесек, әскери оқу орны ірге қалаған жылдары оны 17 мың шамасында маман бітірген. Олардың 400-ден астам түлегі өзінің әскери міндетін Ауғанстанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградаларға ие болған. Көрсеткен ерліктері мен батырлықтары үшін үш офицер – А.Шахворостов (қайтыс болғаннан кейін), Н.Акрамов және С.Гущин Кеңес одағының Батыры шеніне ие болды. Ал лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін жұлдыз торындағы ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды. 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Халық қаһарманы» жоғары шені генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа – осы ӘОО-ның түлегіне берілген. Қазіргі институттың курсанттары, командирлер мен оқытушылардың шегі заңды түрде өздерінің алдағы үлгілі офицерлерінің салттары мен ерен еңбектерін мақтан тұтады.


Ерланның ерен ерлігі

(Қазақстан Әуе Қарулы Күштерінің қатардағы жауынгері
Райымқұлов Ерлан Тоқтарұлы туралы бір мөлтек сыр)

Кітап оқып жатқан еді үйінде,
Мамырдағы демалыстың бірінде.
Ерлан жігіт өзен жаққа бет алды,
Байқалмайды қобалжу да түрінде.

Қолы боста қармақ салып қайтатын,
Қызық көрсе отбасына айтатын.
Табиғатты сүйетіні соншалық,
Аясынан жан рахатын табатын.

Мөлдір сезім жетеледі тағы да,
Балықшыда аз болғандай бағына.
Ағып жатты буырқанып өзен де,
Жүре берді жайғасатын жағына.

Шіркін көңіл, осылайша жайланды,
Көз жанары қалқымаға байланды.
Жан жүрегі дүрсіл қақты қаттырақ,
Басы оның желмен бірге айналды.

Оқыс жағдай ойда-жоқта болыпты,
Бір бүлдіршін жағалауда жолықты.
Қызды ойлап неге екенін кім білсін,
Тоқтарұлы Ерлан біраз қорықты.

Көп кешікпей суға түсті бір күшік,
Суық сорып қалтырады бүрісіп.
Сол күшікті құтқарам деп жас қыз да,
Батыл іске кеткендей ғой кірісіп.

Аға берді су бетінде бүлдіршін,
Су жұтты ма, жұтпады ма кім білсін?
Толқындарда бірін-бірі қуалап,
Көрсетпеді балаусаның түр-түсін.

Ерлан жігіт суға қарай секірді,
Қызды ұстап, өзінше бір бекінді.
Шығарып ап бүлдіршінді жағаға,
Ер құлады өзенге, ой келеді не түрлі.

Ерлан жігіт судан қайта шықпады,
Ажалдан да бой тасалап бұқпады.
Өмір сыйлап, бақыт сыйлап басқаға,
Адамдықтың ақ жалауын жықпады.

Ерен ерлік теңеуі жоқ бұл неткен,
Естігенде тұла бойың  дір еткен.
Ерлік деген жасалмайды кездейсоқ,
Әмірінен туындайды жүректен.

Суық хабар жақындарды жылатты,
Тоқтар әке еңіреді тым қатты.
Үлкен ұлын көрген кезде мәйіттен,
Шыбын жаны шығып кете жаздапты.

Ризакүл ана талып түсіп қайғырды,
Өлім деген бір қанатын қайырды.
Ана деген қандай күшті болса да,
Тағдыр оны ботасынан айырды.

Жесір қалған Айгүл келін боздады,
Әдеп сақтап, салт-дәстүрден озбады.
Жыласа да жоқтау айтып, талай күн,
Күйеуінің жақсы жағын қозғады.

Қос ұл қалды қос қанаты Ерланның,
Күйін шертер аясында арманның.
Аман болсын Алинур мен Ералы,
Шуағына бөленсін тек әр таңның.

Жарлық шығып, ерен ерлік еленді,
Марқұм Ерлан марапатқа бөленді.
«Ерлігі үшін» медалінің иесі,
Кім екенін біле жүрсін ел енді.

Сын сағатта ойланып та жатпады,
Қауіптеніп кірпігін де қақпады.
Оның ісін тағлым етіп баршаға,
Нұрлан атты генерал да мақтады.

Нұрлан Карбенов қолбасшы ғой белгілі,
Ол басқаратын Әуе Күштері үлгілі.
Тапсырманы тиянақты берілген,
Сарбаздары орындайды әр күні.

Өзі өлсе де қорғап қалды жас қызды,
Болғаннан соң тал бойында жан ізгі.
Ерлан інім тумасынан ер екен,
Құдай оны тәуекелге барғызды.

Әділдікті әспеттеген жүрегі,
Мұхтар Әуезов мектебінің түлегі.
Біздің Ерлан жанын қиып кетті ғой,
Бола білген тыныштықтың тірегі.

Шу бойында өсіп-өніп көктеді,
Арман қуып, биіктерге беттеді.
Генерал да болар ма еді кім білсін,
Қыршын кетіп қырыққа да жетпеді.

Есіл ерді өлді деуге болмайды,
Артық емес, музей ашса ол жайлы.
«Жастар жылы» таныстырсын тұлғаны,
Мұның бәрін Шудың елі қолдайды.

Ахметжан ҚОСАҚОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Шу ауданы    


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"