Ақпараттық шолу

   Алуа ИСКАКОВА,
«САРБАЗ»

Бас штаб академиясына шығарып салды


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті «Қарулы Күштерінің Бас штаб академиясы» факультетіне түскен 36803 әскери бөлімінің командирі полковник Еркебұлан Сүлейменовты жеке құрам салтанатты түрде шығарып салды.
   Бұрынғы Целиноград облысында дүниеге келген Еркебұлан Сүлейменов Қарағанды қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатта тәрбиеленді.
Түркия Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери училищесін, РФ ҚМ Санкт-Петербург қаласындағы Михайлов әскери артиллериялық академиясын тәмамдады. 36803, 60601,14805 әскери бөлімдерінде взвод командирінен дивизион командиріне дейін, штаб бастығы, әскери бөлім командирі лауазымдарын абыроймен атқарды. «Қарулы Күштерінің Бас штаб академиясы» факультетінің тыңдаушысына жеке құрам жылы лебіздерін білдірді. Полковник Еркебұлан Сүлейменов жауынгерлік тумен қоштасып, саптық шеру салтанатты рәсімнің көркін келтірді.


Несиенің отбасыға кері әсері

   Әскери қызметшілер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсатында Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында бірқатар шара өтті.
   ҚР Ұлттық Банкінің Семей филиалының бастығы Едіге Жағыпаров несиені алудың мақсатына, оның өз қажетіне қарай жұмсалу-жұмсалмауына, белгілі уақытта төленбеу себептеріне тоқталды. «Несиенің отбасыға кесірі» тақырыбындағы дәрісте мәселенің түрлі аспектілері талқыланды. Қаржының қиыншылығынан болатын отбасындағы тұрмыстық қарым-қатынастар, төленбеген несиелерден қомақталған қарыз, ішікдік ішу, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністіктің жоқтығы және тағы басқалары – әскерилер арасыңдағы өлім оқиғаларының болжамды себептері екені айтылды. Бұл жерде әскери қызметшілердің қызмет бабына қарай қару-жарақ пен оқ-дәріге тікелей қатысы мен рұқсаты, әрі өзге адамдарға келетін қауіптің зардабы да ескерілді. Банк алдында берешегі бар әскерилерге кеңес берілді. Ал, 63310 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицер психологы майор Торғын Сүбебаева жеке құрамнан психологиялық тест қабылдады. Сондай-ақ, жасақтың бөлім (бөлімше) бастықтары, сержанттары әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет мүшелерімен бірігіп, үй-үйлерді де аралады. Жанұя мүшелерімен әңгімелесіп, мәселені шешудің жолдарын қарастырды.



Ірі кәсіпорындар қол ұшын созды

   27943 әскери бөліміндегі көп балалы әскери қызметшілерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғыз басты аналарға «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен «Қазцинк» ЖШС мейірімділік танытты.
   Әскери қызметшілердің балаларына «Мектепке жол» қайырымдылық  акциясының шеңберінде рюкзактар, дәптерлер, қалам-қарындаштар, сурет альбомдары мен түрлі-түсті қағаздар таратылды. Бөлім қолбасшылығының тарапынан тәттілер үлестірілді. Қолдауы мен қамқорлығы үшін ата-аналар қауымы бөлім командирі подполковник Бегімбет Тәжібаевқа алғыстарын жаудырды. Сондай-ақ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Әсем Мамутоваға, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Геннадий Писмаркинге, «Қазцинк» ЖШС директоры Александр Хмелевке, «Қазцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазаревке балалардың жанына жылылық ұялатқаны үшін зор ризашылықтарын білдірді.

Болашақ журналистің қайырымды ісі

   «Мектепке жол» акциясының аясында Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөліміндегі көп балалы әскери қызметшілердің отбасыларына демеушілік көмек көрсетілді.
   «Қарақат» мектеп студиясын тәмамдап, көпшілікке әншілік өнерімен танылған Жұлдыз Сембаева туған жері – Аягөзде қайырымдылық концерттерін өткізіп келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика факультетінің 2 курс студенті бұл жолы әскерилердің бес ұл, бес қызына мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құралдарды сыйға тартты. Жұлдыздың анасы кәсіпкер Айнұр Нұрланқызы былтыр 10181әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің көпбалалы отбасыларын мектеп заттарымен қамтамасыз еткен еді. Жұлдыз Сембаеваға әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет бастығы Гүлмира Сәкен-Сәдуахасқызы жеке құрамның алғысын жеткізіп, диплом табыстады. Болашақ журналист қайырымды іс жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретінін айтты.

Жас лейтенанттардың үйлерін аралады
   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 63310 әскери бөлімінде қызметтерін бастап кеткен жас лейтенанттардың үйлерін аралау шарасы жүзеге асты.
   Жоғары әскери оқу орындарын бітіріп, қызметке кіріскен жас лейтенанттардың үйлерін тұрғылықты мекен-жайы бойынша тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің аға офицері-психологы майор Торғын Сүбебаева аралады. Ол әскерилердің үйлерін арнайы аралаудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе отбасын құрмаған, енді ғана шаңырақ көтерген, сәбилі болған, екінші деңгейдегі банктерден несие алған, өзге де қиындықтары бар әскери қызметшілерге ерекше мән берді. Тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көріп, үй ішіндегі хал-ахуалды сұрап білді. Мазалайтын мәселелерді ден қойып тыңдады. Жұбайларымен де бетпе-бет әңгімелесіп, әскери қызметтің қызығы мен қиындығына өзара түсіністікпен қарауға шақырды.

Отбасы күнін атап өтті
   Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағында «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында отбасы күні аталып өтті.  
   Жасақтың әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері арнайы шақырылып, әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет өкілдері отбасы құндылықтары туралы мол мағлұмат берді. Әскери қызметшілердің бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери ұжымда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысы да жеткізілді. Бұл күні жанұялардың мүшелері үшін облыстық балалар биологиялық орталығына саяхат та ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер Азия, Африка және солтүстік Америка топырағын мекен етіп, Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар мен құстардың 70-ке жуығын көрді. Флористикалық және зоологиялық коллекцияның алуан түрін де тамашалады. Жасыл орманның таза ауасымен тыныстады. Табиғатты қорғау, биологиялық және экологиялық тәрбие берудің мәселелерін шешетін жалғыз орталықтан жасақ балалары ерекше әсер алып қайтты.

Суреттерді түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"