Ақмола гарнизонының әскери прокурорының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті

Таяуда генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Д.Жұмаділовтің төрағалығымен бөлімдер мен мекемелердің және қылмыстық қудалау органдардың басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жиында алдымен әділет полковнигі Д.Жұмаділов осы мерзім аралығында Ақмола гарнизонында орын алған ауыс-түйістерді айта келе, жаңа қызметке кіріскен офицерлердің бірқатарын таныстырды.

Бұдан соң Ақмола гарнизоны әскери прокурорының орынбасары әділет капитаны Д.Бакаев 2016 жылдың 9 ай ішіндегі осы гарнизондағы заңдылықтың және әскери тәртіптің жағдайына тоқталды. Орын алған сыбайлас жемқорлық және жол көлік оқиғалары, әртүрлі қылмыстар деректермен келтірілді. Осы орайда әскери прокурор Д.Жұмаділов темірдей тәртіп бола тұра әскери ортадағы келеңсіздіктердің азаймай отырғанын және бұған көз жұма қарамау керектігін баса айтты. Осы істің мән-жайына тереңнен үніліп, біріге жұмыс істеуді әр мекеме тәрбиешілері мен бөлім командирлеріне және әйелдер кеңесі мен психологтарға қатаң тапсырды.

Жиын барысында сондай-ақ, Ақмола гарнизонының әскери бөлімдер мен мекемелердегі заң қызметінің жұмысы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында құқық бұзушылықтар профилактикасының 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасының және «2016 жыл – әскердегі құқықтық мәдениет жылы» атты бағдарламаның орындалуы жайы талқыланды.

Соңында жұмысты жақсарту мақсатында іс-шаралар анықталып, нақты тапсырмалар берілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"