Ақ жол, жас сардарлар!

Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я.Бигелдинов атындағы авиация мамандарын даярлайтын Әуе қорғанысы Күштерінің Әскери институтын 25 лейтенант аяқтады. Түлектер құрметіне салтанатты шара өтті.

27 қазанда мемлекеттік емтихандарды табысты тапсырған Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 25 түлегіне кіші офицерлер құрамының алғашқы «лейтенант» әскери атағы беріліп, жоғары білім туралы диплом мен кеуде белгілері табысталды.

Салтанатты шара жеке құрамның «Абылайхан» салтанатты шеруі әуенімен сапқа тұруымен басталды. Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген әскери институт басшысы полковник Әлім Ыбыраев жас офицерлерге: «Біздің ата-бабаларымыз бізге жерімізді қызғыштай қорғауды аманат етіп қалдырғанын жадыларыңыздан шығармаңыздар. Өз қажырлы еңбектеріңіз бен олардың даңқты дәстүрлерін жалғастырыңыздар. Кәсіби білімдеріңізді, әскери шеберліктеріңізді және жауынгерлік машықтарыңызды ұдайы жетілдіріңіздер, қызметтік міндеттерді орындауда бағыныстылар алдында үлгі болыңыздар», - деген тілегін білдірді.

«Айбын» орденінің иегері, Әуе Қорғанысы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары авиация генерал-майоры Тұралы Қойшықұлов лейтенанттарға ақ жол тілеп, Әскери институтты үздік аяқтаған лейтенант Мақсат Салиджановқа диплом табыстады. Сондай-ақ оған Жауынгерлік Ту алдында тағзым ету құрметті құқығы берілді.

Балаларына үлгілі тәрбие бергені үшін және оқу-орнындағы үлгілі тәртібі үшін лейтенанттар Т.Жұмабаев, М.Абдуллаев, В.Кернус, Н.Байсалханның ата-аналарына әскери институт басшылығы атынан алғыс хат табысталды.

Салтанатты шарада институттың барлық жеке құрамымен «Мен қазақпын» әні шырқалды. Әрі қарай ата-аналар мен қонақтарға концерттік бағдарлама көрсетіліп, жас лейтенанттар институт төрінде орналасқан батыр Т.Бигелдинов ескерткішінің жанында естелікке суретке түсті.

Лейтенанттар әскери қызметін жалғастыру үшін Қазақстанның әр түпкіріне қызметін жалғастыруға аттанады.

Бейбіт еліміздің ашық аспан көгінде тыныштығымыз үшін қызмет ете беріңіздер! Ақ жол, лейтенанттар!

 

Капитан С.НҰРБАЕВА

Әуе Қорғаныс Күштері Әскери институтының        

                                                                    Баспасөз қызметі

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"