"Алтын жебеге" әзірлік

   ҚР ҚК барлау бөлімдері мен арнайы мақсаттағы бөлімдердің «АЛТЫН-ЖЕБЕ» кешенді тексеруіне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жеке құрамы әзірлік жүргізуде.

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов әзірлік барысын біліп, әскери қызметшілерге сәттілік тіледі. Кешенді тексеріс «ҚР Қарулы Күштері барлау бөлімдерінің жауынгерлік әзірлік бағдарламасы», «ҚР ҚК құрылымдарының жауынгерлік әзірлік жөніндегі нормативтерінің жиынтығы», «ҚР ҚК арнайы мақсаттағы құрылымдар мен бөлімдердің жауынгерлік қолданысы бойынша нұсқаулық», «Ату курсы» негізінде жүзеге асырылады. Оның мақсаты –арнайы мақсаттағы барлау топтары жеке құрамының жауынгерлік әзірлік пәндері бойынша дайындық деңгейін, түнгі уақытта маршты жүзеге асыруда жергілікті мекенді бағдарлау қабілеттілігі мен төзімділігін, авиация мен артиллерияны дәлдеудегі алдыңғы шептегі авиациялық нысанашылар мен артиллериялық нысанаға оқты дәлдеп түзейтін зеңбірекшілердің ептілігін, күндіз және түнде таулы аймақта ату жаттығуларын орындау дәрежесін тексеріп, барлау құрылымдарының моральдық-жауынгерлік қасиеттерін анықтау.

Тексеріс барысында арнайы мақсаттағы құрылымдар мен бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріледі. Сондай-ақ, артиллерияның отты дәлдеуі, оқу-жауынгерлік тапсырмалар орындау ауданына десант түсіріп, барлау жүргізу, қоян-қолтық ұрыс, әскери-медициналық даярлық, байланыс жөніндегі дайындық, миналық жару ісі, пистолеттен тактикалық ату, бір орында тұрып мерген винтовкасынан пайда болған нысананы көздеп ату, Калашников пулеметінен ату, үлкен қашықтыққа ату, таулы аймақта 15-25 метрге граната лақтыру, лақтыратын пышақ, жаяу әскердің кішкентай күрегі, балта секілді суық қаруды 5-10 метр қашықтыққа лақтыру міндеттері орындалады.

   Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жеке құрамы 2017 жылы ҚР ҚК барлау бөлімдері мен арнайы мақсаттағы бөлімдердің «АЛТЫН-ЖЕБЕ» кешенді тексеруінің қорытындысы бойынша екінші орынды иеленген еді.

                                      

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"