Алматыдағы таулы даярлық орталығында альпілік бөлімшелер жаттығады

Таулы даярлық тауда іс-қимылдар жасауға арналған арнайы бөлімшелер даярлығының басты бағытының бірі болып табылады. Қазақстан аумағының 10% таулы аймақ екенін ескере отырып, аталған даярлық түріне ерекше назар аударылады. Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери альпинисттерді даярлау үшін заманауи Таулы даярлық орталығы қызмет атқарады.

Орталық 2018 жылы құрылды. Орталықтағы нұсқаушылардың жеке құрамы жоғары спорттық және нұсқаушылық санаттағы спортшылармен жасақталған. Спортшылардың біліктілігі Қазақстанның Альпинизм және құзға өрмелеу федерациясымен бекітілген тауға өрмелеу бағдарламалары мен ережелеріне, спорттық разрядтар мен нұсқаушылар санаттарын тиісінше рәсімдеуге сәйкес дайындықтың барлық деңгейлерін әдістемелік тұрғыдан сауатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Орталықтың орналасқан жері сабақтарды жыл бойы өткізуге мүмкіндік беретінін айта кету керек. Артықшылықтардың ішінде – оқу сабақтары мен тауға өрмелеу жоспарланатын таулы аймақтың қадамдық қолжетімділігі, таулы ауданда нұсқаушыларды даярлау бағдарламасын орындау және альпілік бөлімшелердің даярлық деңгейін арттыру үшін жіктелген бағыттардың қажетті санының болуы.
Таулы даярлық орталығының міндеттеріне альпілік бөлімшелерді жаттықтыру, таулы жерлердегі Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштар құрамы арасында аман қалу бойынша курстарды ұйымдастыру және өткізу, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кіреді. Үздік альпинисттер Қазақстанның Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясына арнайы даярлықтан өту үшін жіберіледі, онда  тиісті сертификаттар беріледі.
Орталықтың нұсқаушылары арасында –  танымал қазақстандық альпинисттер, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері: Эверестті бағындырушы майор Мақсұт Жұмаев, капитан Василий Пивцов, сонымен қатар аға сержант Александр Софрыгин.
Орталық құрылған сәттен бастап Қарулы Күштердің 210-нан астам әскери қызметшісі және басқа да әлеуетті ведомстволардың 40-қа жуық қызметкері курстар мен жиын іс-шараларына қатысты. Нұсқаушылар 180-нен астам таулы даярлық мамандарын дайындады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"