Алматыда Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті

Құрлық әскерлерінің әскери институтында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Бітіру емтихандары, түлектерді бөлу және азаматтарды әскери оқу орындарына қабылдау кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әскери оқу орындарының басшыларын тыңдады.
Қорғаныс министрінің орынбасары профессорлық-оқытушылар құрамын іріктеу және орналастыру кезінде оларды қабілетіне қарай қабылдау ережесін қолдануға назар аударды. Бұл білім мен ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін факторлардың көрінісін жоюға көмектеседі.
Комиссия төрағасы әскери оқу орындарының бастықтарына азаматтарды қабылдау кезінде әскери полиция өкілдерінің қатысуымен, талапкерлердің ата-аналарымен кездесулерде қабылдау комиссиясының жұмыс тәжірибесін бейне бақылауды қолдана отырып зерделеуді ұсынды.
Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына: «Кадрлық құрамның сапасын жақсарту мақсатында лауазымды тұлғаларды іріктеудің ашықтығын арттыруды қамтамасыз ететін әскери қызметшілерді іріктеу және оларды кәсіби тұрғыда даярлау әдістемелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіңіздер», – деген тапсырма қойды.
Сонмен бірге, Қорғаныс министрінің орынбасары шамадан тыс бюрократия мәселелерін шешу және кадрлық процестерді автоматтандыру қажет екенін айтты. Ол кандидаттардың әскери қызметке кіруі үшін тиісті құжаттарды жинау мен ұсынудың, оларды қараудың, зерделеу мен тексерудің нақты мерзімдерін белгілеуді, сондай-ақ әскери қызмет өткеру ережелерін қайта қарауды тапсырды.
2022 жылғы 15 сәуірде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға әскери қызметте жағымсыз әрекеттер жасағаны үшін кір келтіретін және теріс қылықтарымен әскери қызметтен босатуды көздейтін әрекеттерді қарастыратын толықтырулар енгізілген болатын.
Бұл тізімге қызмет бабын жеке басына пайдалану, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу, қызмет бабын пайдалана отырып, жұмыстар орындау және қызмет көрсетіп, сол үшін сыйақы алу жатады.
Одан өзге отырыста қызметтік тұрғын үйлерді бөлу және жанар-жағармай материалдар қызметін ұйымдастыру кезіндегі жемқорлық тәуекелдері де қаралды.
Осы тармақтар бойынша тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер үшін қызметтік пәтерлерді бөлу мәселесін бақылауға алу және ведомстволық тұрғын үйлерде заңсыз тұрып жатқандарға тексеру жүргізу тапсырылды.
Жанар-жағар май қызметіне қатысты жемқорлық жасап, құқық бұзудың алдын алу үшін олардың басшыларын қызметке тағайындау кезінде полиграфиялық зерттеу жүргізу ұсынылды.  
Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыста заң жүзінде қаралған, оның ішінде әскери қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік практиканы қолдану жөніндегі жаңа енгізілген тармақтарды негізге алуды тапсырды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"