Алматыда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталады

Алматы қаласында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталмақ. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде хабарлағандай, 2017 жылдың қаңтары мен наурыз айы аралығында 2000 жылы туылған 5 000-нан аса қазақстандықты әскери есепке қабылдау жоспарлануда.

Тіркеу шақырылатын контингенттің санын, білім мен дене дайындығы деңгейін, сондай-ақ, әлеуетті шақырылушылардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді. Ол тиісті қорғаныс істері жөніндегі департаменті және өңірдің жергілікті атқару органдарының бақылауымен жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

 Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу және олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық комиссия жасақталады. Тіркеу барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу жөнінде үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі. Оның ішінде, бозбалаларға әскери жоғары оқу орындары мен Кадет корпусын тәмамдағаннан кейінгі перспективалар туралы айтып береді. Еліміздің әскери оқу орындарында оқуға ниет білдіргендер мен жарамдылар анықталатын болады.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу Қазақстанда жыл сайын өткізілетінін айта кету қажет. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде еліміздің түкпір-түкпірінде шамамен 100 000-нан аса қазақстандық әскери есепке қабылданды. Олардың біршамасы бір жылдан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылу шеңберінде Қарулы Күштер қатарын толықтырды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"