Алматыда алғашқы ұлттық гендерлік курсты өткізу талқыланды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік даярлық орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері мен Қазақстан Республикасындағы Канада Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар гендерлік аспектілер жөніндегі алғашқы ұлттық курсты бітімгерлік даярлау орталығының базасында өткізу жоспарларын талқылады. Кездесу барысында курстың бағдарламасы, оны өткізу мерзімі және ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды.
Орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин қонақтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, гендерлік аспектілер бойынша курс халықаралық әріптестерді анағұрлым қызықтырып, болашақта қазақстандық орталықты барынша білуге ықпал етеріне сенім білдірді.
Гендерлік теңдік мәселелері – жалпы БҰҰ-ның бітімгерлік қызметінің және оның ішінде ұлттық контингенттерді даярлау процесінің өзекті әрі ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасы әлемдік тенденцияларды ескере отырып, әрдайым әскери қызметші әйелдерді бітімгерлік миссияларға қатысуға жібереді.
2018 жылы БҰҰ-ның Батыс Сахарада референдум өткізу миссиясына Қазақстаннан алғаш рет әскери бақылаушы ретінде әйел әскери қызметші барғанын естеріңізге сала кетейік. Ол майор Шолпан Тауышева болатын. 2019 жылдың ақпан айында капитан Айжан Жасұзақова, артынша капитан Римма Шәкеева да осы миссияны атқарды. БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштерінің құрамына штаб офицері ретінде подполковник Диля Ахметова жіберілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"