Алматы гарнизоны әскери сотында өтемақыны өндіру ісі қаралды

Алматы гарнизоны әскери сотымен азамат Б-нің «ҚР Қорғаныс министрлігіне» ММ және «82796 әскери бөліміне» МБ-не қатысты өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.

Соттың анықтағаны, азамат Б. 32 жыл 4 ай еңбек өтілімен 2001 жылы әскери қызметтен босатылған.  ҚР Қарулы күштеріне кіршіксіз қызметі үшін Алғыс грамотасымен марапатталған. Қызмет атқару барысында азамат Б.-ға жабық әскери қалашықтан қызметтік тұрғын үй берілген. Тұрғын үй жабық қалашықта орналасқандықтан жекешелендіруге жатпайды. Жылжымайтын мүлікті  бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы бойынша үш бөлмелі пәтердің құны 8 279 000 теңгені құрады. Арызданушы басқа жерден тұрғын үй алу үшін жекешелендіру өтемақысын өндіру құқығын беруді сұрады. 

Жауапкердің өкілі өзінің түсініктемесінде, арызданушының 2001 жылы жұмыстан босатылғандығын және әскери қызметкер болып табылмайтындығын айтты. Жауапкердің пікірінше, арызданушы өтемақы талап етуге құқығы жоқ. Сондықтан арыздың ескіру мерзімін қолдану сұрады.

Сот тараптардың пікірін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, прокурордың қорытындысын тыңдап, талап арыздың заңды негізде екенін көрсетіп, арызды қанағаттандыруды шешті.

Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"