Алдыңғы шептегі әскер

ҚР Қарулы Күштерінің инженерлік әскерлер күнін мерекелеу шеңберінде барлық әскери бөлімдерде салтанатты іс-шаралар өтті.

Бүгінде инженерлік әскерлерде қажетті техника, инженерлік қару-жарақ құралдары бар, жеке құрамды арнайы дайындауды, инженерлік техника мен спецификалық инженерлік оқ-дәрілерді қолдануды қажет ететін күрделі тапсырмаларды орындайды. Инженерлік әскерлер қозғалыс жолдарын инженерлік барлау, көшіру маневрлері, мина-жарылғыш қоршауларды орнату, жолдарды, су кедергілері арқылы өткелдерді жабдықтау және ұстау, шептерді, позицияларды, әскери бөлімдердің орналасу аудандарын фортификациялық жабдықтау, басқару пункттерін өрістету бойынша тұтас тапсырмалар кешенін орындайды.
Инженерлік әскерлер - бұл ұрысты инженерлік қамтамасыз ету тапсырмаларын шешу үшін арналған алдыңғы шептегі әскерлер. Инженерлік қамтамасыз ету тапсырмалары барлық әскер тектері мен арнайы әскерлердің бөлімдері және бөлімшелерімен орындалады. Бүгінгі таңда әскери инженерлер пішімі мен ауқымы бойынша еліміздің аумағында және одан тысқары аумақта өтетін тұрақты қатысушылар болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"