Алдын алуға арналған онкүндік

   Семей өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағы әскери қызметтен жалтару (әскери қызметке себепсіз шықпай қою және әскери бөлімді өз еркімен тастап кету) әрекеттерінің алдын-алу жөнінде шара өткізді.

44736 әскери бөлімінің плацына жиналған жеке құрамның алдында Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының әскери полиция бөлімшесінің бастығы подполковник Дархан Әділбеков әскери қызметтен жалтару (әскери қызметке себепсіз шықпай қою және әскери бөлімді өз еркімен тастап кету) туралы дәріс оқыды. Ол әртүрлі жазаға тартылған әскери қызметшілер жайлы түрлі деректер ұсынды. Әскери қызметтен жалтарудың зияндылығы туралы да пайдалы мәліметтерді алға тартты. Онкүндіктің барысында әскери қызметшілерге Қазақстан халқына және Президентіне адалдық, әскери борыш пен антқа берік болу, заңдарды сақтау және жалпыәскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау – әскери қызметті атқарудың сүбелі қағидасы екені жан-жақты жеткізілді. Айта кетейік, қаңтардың 15-24 аралығында ұйымдастырылған әскери қызметтен жалтарудың (әскери қызметке себепсіз шықпай қою және әскери бөлімді өз еркімен тастап кетудің) алдын-алу шарасы әскери тәртіпті нығайтуға бағытталды.  
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"