Аға толқынға алғысым шексіз

Береке-бірлік қашанда адам жанының, руханиятының қалаулысы, қажеттілігі екені белгілі жайт. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, қаншалама мемлекеттер шешімі жоқ тығырықтан шықты, алынбас белестерді алды.

 Расында, біздің тәуелсіз мемлекет те өз алдына еңселі ел болды. Осындай берекелі мемлекеттің әскери оқу ордасы – Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оқып жатқаным мен үшін үлкен мәртебе. Әке-шешенің үмітін ақтап, сертіме берік болып, Отанға қызмет ету елім деген ердің ісі деп білемін. Мен Құрлық әскерлері Әскери институтының 1-ші батальон курсантымын. Батальондағы алғаш атқан таңымнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі қызығы мен шыжығы мол күндер әлі есімде. Взвод командирлерінен бастап, рота командирлері, батальон командирінің төккен терлерінің, есебі жоқ еңбектері – біздің сапқа тұрып, ес жиып офицер болудағы асқақ армандарымыздың орындалуымен ақталады деп білемін.

Командир – ол әкең де, анаң да, ағаң да, әпкең де болған, қиындықта жаныңнан табылып бар білгенін үйретіп, жанашырлық танытқан бағамы биік адам. Батальондағы алғашқы күндерімнен командирлерім қолымнан ұстап жетектеп, саптық адымнан бастап, киім үлгісін ұқыпты ұстау, дене дайындығына жұмылдыру секілді әскери өмірге алғаш қадам жасатты. Бұл орайда, талай офицерлерді дайындауда үлкен үлес қосқан, көпке үлгі, білікті маман батальон командирім – подполковник Идиришев Әділет Абуғалиұлының, батальон командирінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары – майор Молдаханов Дулат Сабырұлының және батальон сержанты – 2-сыныпты сержант Иманкулов Талағат Бектұрұлының еңбектері ерен. Сондықтан оларға зор алғысымды білдіремін.

Әскери өмір – береке-бірлікті, тапжылмас тәртіпті, ұқыптылық пен жауапкершілікті талап ететін парасатты жандар ортасы. Ел қорғау, Отан тыныштығын күзету ер азамат үшін – қасиетті парыз.

      Мұхамет НҰРЖАНАТ,

Құрлық әскерлері Әскери институтының

1-курс курсанты


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"