Аға лейтенант Константин Головатый - үздік тіл үйренуші атанды

Биыл – мұзбалақ ақын Мұқағалидың 85 жылдығы. Қаламгердің құрметіне орай ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс өткізіп, ақынның мазмұнды мәңгілік жырларын оған арқау етті. Осылайша, ұйымдастырушылар тіл үйренушілер арасынан үздікті анықтады.

Алдымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы бейнефильм көріп, өмірінен мағлұмат алған көрермен  кейін сайысқа қатысушылардың өнерлерін тамашалады.  Сайыскерлер: 14776 әскери бөлімінің аға офицері майор Алексей Кащеев, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы кезекшілер қызметінің офицері капитан Хурсанбек Махмудов, әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы әуеайлақ жол басқармасы автокөлік бөлімінің офицері капитан Андрей Мельников, Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы Бас штабтың мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық-қауіпсіздік басқармасының офицері аға лейтенант Тимур Хамидуллин, Спорт комитеті армия орталық спорт клубы әскерлердің дене дайындығы және спорт басқармасы Бас штабтың дене дайындығы бөлімінің аға офицері лейтенант Александр Нохрин және 55765 әскери бөлімі телеграф бөлімшесінің аға сержанты Константин Голаватый  үш кезең бойынша жарысқа түсті.

Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың «Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін», «Әке аманаты», «Отан», «Үш бақытым», «Солдат арманы», «Өтініш» атты өлеңдерін мәнерлеп тұрып оқыды. Бұл кезеңде әуеннің сүйемелдеуімен әрі іс-қимыл әрекетімен өлеңді өз деңгейінде жеткізе білгендер жоғары ұпайды еншіледі. 

Екінші кезеңде тіл үйренушілердің  сөздік қоры тексерілді.  «Полиглот» ойынында  аға лейтенант Тимур Хамидуллин, лейтенант Александр Нохрин, аға сержант Константин Головатый орыс тіліндегі сөздердің қазақша аудармасын дәл тауып, көзге түсті.

Соңғы кезеңде сайыскерлер «үй тапсырмасын» орындады.  Оларға ақынның өмірі мен шығармашылығын алдын-ала зерделеу тапсырылған екен. Сол бойынша әр тіл үйренуші сауалдарға жауап қатты. Алты сайыскер де алдарына жан салмады. Бар зерделегендерін ортаға салды.

Сөйтіп, үш кезеңнен оза шапқандар  жоғары ұпай жинады. Соның ішінде, 13,8 ұпаймен аға лейтенант Тимур Хамидуллин мен аға сержант Константин Головатый тең түсіп, оларға қосымша тапсырмалар жүктелді. Осы сәтті ұтымды пайдаланған  Константиннің бағы жанып, үздік тіл үйренуші атанды. Екінші орын  Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы Бас штабтың мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық-қауіпсіздік басқармасының офицері Тимур Хамидуллинге бұйырды. Ал, капитан Хурсанбек Махмудов үшінші орынды місе тұтты.

Айта кетейік, сайыс барысында халықаралық және республикалық  балалар байқауының жеңімпазы Тұрсын Тұмар әннен шашу шашты.  Ал, Орталық ансамбль әншілері Қайыргелді Омарбек, Шолпан Тұрысжанова М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді»  және «Саржайлау» әндерін орындады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен  ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі де  ұйымдастырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"