Әулетінен әскерилер түлеген отбасы

«Отанды қорғау – қасиетті борыш, киелі іс». Осы орайда әскер қатарында Отан қорғаушы деген атты жоғары ұстап, қызмет атқарып, құрметке бөленіп жүргендер аз емес. Үш буыннан бері әулеттерінен әскерилер түлеткен әскери отбасылар да бар. Сондай бір мәртебелі отбасының бірі – Нұрбаевтар әулеті.

Бүгінгі таңда осы әскери шаңырақта үш бірдей азамат Қарулы Күштері сапында қызмет етеді.

Аталмыш отбасының атасы Шоңғара Нұрбайұлы Оңбаев – Ұлы Отан соғысының ардагері. Атамыз сонау соғыстың сұрапыл жылдарында Прибалтика майданында Кенинсберг қазіргі Калининградта шабуыл жасаған 83-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 89 гвардиялық жеке жойғыш танкке қарсы есеп дивизион командирі болған. Сұрапыл соғыстың ортасында от кешті. Жауға талай тойтарыс берді. Майдан даласында талай қаурластарынан айрылды. «Көрер жарығы мол екен», атамыз аман-есен елге оралды.  Отанға оралған Шоңғара ата әскери өмірден қол үзбеді. Қайта бітім-болмысы осы саламен байланысып, Кеңес және Қазақстан әскерінде көп жыл қажырлы еңбек етті. Кейін зейнетке шықты. Қарт майдангердің қорғаныс саласындағы бұл еңбектері өлшеусіз қалмады. Ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және басқа да осы сынды 12 медальмен марапатталды. Бүгінгі таңда соғыс ардагерінің құрметіне туған елінде еңбек еткен Тоболина ауылында  көшенің аты берілген.

 Екінші дүниежүзілік соғыста отан үшін от кешкен майдангердің ұлы Мұхаметәли Шоңғараұлы Ташкенттегі жоғары жалпы командалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын взвод командирінен бастады. Кейін бөлім командирі, Ұлттық қорғаныс университетінің шұғыл өнер және тактика кафедрасының бастығы, Астана қаласындағы шұғыл-жоспарлау департаментінің басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. Әскери қызмет ете жүріп, отбасылы болуды да ұйғарды. Сөйтіп, Мария Александрқызымен 1974 жылы отбасын құрды. Бүгінгі таңда отбасының отағасы  Мұхамедәли аға – зейнеткер полковнигі, отанасы Мария Александрқызы апамыз – аға сержант зейнеткері.

«Әке көрген оқ жонар...» демей ме?! Майдан даласын көрген ата барда, әскер көрген орта барда бұл шаңырақтың үшінші буыны осы саладан ұзап кетпеді.

Бүгінде осы шаңырақтан үш бірдей офицер түлеп ұшып, күннен күнге игі жетістіктермен ата-аналарының мерейін үстем етіп отыр. Үлкендері Мейірбек Мұхаметәлиұлы – полковник шенді, Астана қаласындағы Құрлық әскерлерінің кадрлар басқармасының бастығы, екінші ұлдары Мақсат Мұхаметәлиұлы – подполковник, Аягөз гарнизонындағы 36376 әскери бөлімінің командирі, кенже ұлдары Мерген Мұхаметәлиұлы – майор. Бурный ауданында 91678 әскери полкінің командирінің арнайы жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек етуде.

Жақында Шоңғара атаның немересі Мақсат Мұхаметәлиұлымен тілдесіп қайтқан болатынмын. Жүрегінің қалауымен әскери өмір жолы өзіне жақын болғандықтан,  атасының ізін басып,  1999 жылы Алматы қаласындағы жоғары  әскери оқу орнын тәмамдайды. Мақсаттың алғашқы әскери еңбек жолы 

Отар гарнизонындағы взвод командирінен бастапты. Жыл сайын өзінің әскери еңбек жолында биік шыңдардан көрсетіп, қазіргі таңда Аягөз гарнизонындағы 36376 әскери бөлім командирінің міндетін атқаруда. Ол әскери қызметте беделді, абыройлы. Үлкен шаңырақ иесі. Жан жары Ақбаян екеуі әскери өмірдің қызығы мен шыжығын бір кешіп келе жатыр. Жарасымды жұптың қазір Қарагөз, Қарлығаш, Мақжан атты балалары бар. Ендігі мақсат – осы балапандарын отанға адал, ел-жұртқа қамқор, тәлімді тәрбие етіп өсіру. Өйткені, бұл отбасының о бастағы ұраны – «өмірім – отаныма», «жүрегім – халқыма», «жаным –Аллаға».

 

Майя ТӨЛЕГЕНОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"