Әуе тыныштығын қорыған қырандар

Әуеде жүріп ел үшін жан аянбай еңбек ету – көптің қолынан келе бермейтін іс. Ел тыныштығын әуеде қорғау, қырағы күзету – ҚР Қарулы күштеріне қарасты Әуе қорғанысы күштерінің қызметі. Әуе қорғанысы күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және әуе қозғалысын басқару орталықтары кіреді. 1998 жылғы 2 шілдеде Әскери-әуе күштерін құру туралы директиваға қол қойылды. Яғни, жыл сайын 2 шілдеде еліміздің Әскери-әуе күштері қызметшілері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы атаулы күнге орай біз де журналымыздың осы санында еліміздегі Әскери әуе күштерінің әлеуетіне тоқталғанды жөн көрдік.

Авиация – әуедегі қарсыластың соққыларынан маңызды бағыттарды, аудандарды және объектілерді қалқалауға арналған Әуе қорғанысы күштерінің негізгі маневрлік әскер түрі.
Әскери-әуе күштері құрылымындағы әскери авиация мақсатына қарай тактикалық, стратегиялық, әскери-көліктік авиацияға, ал ұшақтардың міндеттерді орындау сипатына, ұшу тактикасы мен қарулануына қарай бомбалаушы, жойғыш, жойғыш-барлаушы, барлаушы және көмекші (байланыс, санитарлық) авиация түрлеріне бөлінеді. Ол ұйымдық жағынан авиациялық бірлестіктерден (стратегиялық және тактикалық авиация), құрамалардан (корпус, дивизия, тағы басқа) және бөлімдерден (полк, эскадрилия тағы басқа) тұрады. Бұлардың құрамына материалдық, техникалық, арнаулы жабдықтау, аэродромдық қызмет бөлімдері мен бөлімшелері енеді. Реактивті ұшақтар, қанатты зымырандар және жаппай қырып-жоятын қарулармен жабдықталған, қазіргі заманғы әскери-әуе күштерінің соғыс қимылдарын жүргізуге, дұшпанға соққы беруге мүмкіндігі мол Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі бөлігі.


Әскери - әуе күштері жау шебіне тұтқиылдан бастырмалата шабуыл жасап, ауыр соққылар береді, дұшпан тылындағы маңызды объектілерді күйретіп, оның әскери-экономикалық мүмкіндігін әлсіретеді, әскерлер мен жүктерді тасымалдайды және әуе барлауын жүргізеді.

Бүгінгі таңда Әскери әуе күштері – жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің қазіргі талаптарына жауап беретін қару-жарақ пен техниканың қазіргі заманғы үлгілерімен жасақталған ҚР Қарулы Күштерінің жоғары технологиялық түрі. Оның күнделікті тыныс-тіршілігі жауынгерлік жаттығулармен, авиациялық ұшулармен, мемлекетіміздің әуе кеңістігін күзету жөніндегі жауынгерлік кезекшілікпен толыққан. Әскери-әуе күштерінің жауынгерлері өздерінің қол жеткізген табыстарымен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып келеді және олар еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының сенімді қорғанысында тұр.


Қазіргі әлемдік үрдістерді ескере отырып, еліміздің қарулы күштер саласында қарулы күрестің негізгі басымдығын әуе саласына көшіру жөнінде шешім қабылданды. Өйткені Әуе шабуылы құрылғылары ең үлкен қауіп төндіре бастады. Олар үшін қазір ұшу қашықтығы бойынша да, соққы беру объектілері бойынша да, қуаты жағынан да ешқандай шектеулер жоқ. Мұндай қауіпке тек авиация мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бірлескен күшімен ғана тиімді қарсы тұруға болады.

Қазақстандық ұшқыштар әуеде самғау сағаты бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда. Бұл алдымен ұрыс кезіндегі шеберлікке тікелей қатысты. Ұшқыштың орташа ұшу уақыты 100 сағаттан асады. Бұл ТМД-дағы жақсы көрсеткіш және оны НАТО елдерінің ұшақтарының шабуылымен салыстыруға болады. Ресей Федерациясы мен Украинада ұшудың орташа уақыты - 50 сағат.

Еліміздің Әскери-әуе күштері посткеңестік кеңістіктегі Ресейдің Әскери-әуе күштерінен кейінгі екінші орында. Олардың қарамағында әр түрлі мақсаттағы 400-ден астам жауынгерлік ұшақ, 80 көлік ұшағы және 300 тікұшақ бар.


Авиациялық парк жыл сайын жаңа авиациялық техникамен толықтырылып отырады. ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет 2015 жылы Су-30СМ ең заманауи жауынгерлік ұшақтар сатып алынды. Бүгінгі таңда ол әлем бойынша көп функционалды қызмет атқаратын үздік ұшақтардың қатарында.

2016 жылы жаңа Ми-171Ш көлік-жауынгерлік тікұшақтары, Ми-35М көпфункционалды жауынгерлік тікұшақтары алынды. Бұған дейін база AirbusMilitary концернінің С-295 әскери-көліктік ұшақтарымен толыққан болатын. Бұдан басқа, Әскери-әуе күштерінің қарулануында Су-27 көпмақсатты жойғыш ұшақтары, L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары, Ан-26 әскери-көліктік ұшақтары, Ми-8, Ми-17, ЕС-145 Еврокоптер және UH1-II "Хьюи" тікұшақтары, сондай-ақ WinLong және SkyLark соқпалы ұшақтары бар.

Бұл әдіс-тапсырмаларды базадан едәуір қашықтықта, күндіз-түні, қарапайым және күрделі метеожағдайда орындай алады. Яғни, ҚР ҚК ӘҚК жарақтандыруындағы барлық әскери техника әлемдік стандарттарға сай келеді деп айтуға болады.

Авиациялық паркті жаңарту нәтижесі кез келген стратегиялық бағытқа әскерлерді, қару-жарақ пен әскери техниканы жіберуді орындауға қабілетті қазіргі заманғы авиацияның аэрокөліктік мүмкіндіктерін жасау болып табылады.

Авиациялық паркті жаңартудың нәтижесінде әскерлерді, қару-жарақтар мен әскери техниканы жанармай құю үшін аралық тоқтаусыз кез келген стратегиялық бағытта жеткізе алатындай авиацияның аэротасымалдау мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі күні Қарулы Күштердің техникалық жасақталуының деңгейі анағұрлым жоғары, сапалы деңгейге жетті.

Арнайы тоқталып, кететін тағы бір жайт еліміздің аспан тыныштығын күзететін Еврокоптер тікұшағы Қазақстанда құрастырылған. Одан басқа, Қазақстан 2017 жылы МИ-171 мен СУ-30 ұшақтарымен толықты. Бұл техникалар әуеде түрлі әскери тапсырмаларды шұғыл әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, әуе қорғаныс күштерінің әлеуеті одан әрі арта түсуде.

2013 жылы көктемде Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мәтібұлақ полигонында өткен Жауынгерлік парад Мемлекет басшысының тарапынан жоғары деңгейде және үлкен дайындықпен өтті деп бағаланса, «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне де еліміздің Әуе қорғаныс күштері үлкен дайындықпен келді.

Бүгінгі күні Қарулы Күштерде қайта жарақтандыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Әуе күштеріне келетін болсақ, әуе паркінің 50 проценттен астамы қайта жабдықталды. Жаңа техника ұшқыштарды даярлаудың жоғары деңгейіне өтуімізге септігін тигізіп, әуе қорғанысы күштерінің дайындығы бұдан да жақсара түспек.


Осы орайда Қазақстан Республикасының аумағында бастауын 2010 жылы алған «Бейбіт аспан» террорға қарсы бірлескен әскери-оқу жаттығуын айтуға болады.

Одан өзге еліміздің әскерлері халықаралық ынтымақтастықпен өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны», «Жауынгерлік ынтымақтастық» және тағы басқа бірлескен оқу-жаттығуларын өткізіп жүр.

Біздің әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындарында да үздік нәтиже көрсетіп жүр.

Осы ретте қандай да заманауи озық техника, соңғы үлгідегі ұшақ болмасын оны басқаратын адам, яғни маман екенін айтуымыз керек.

Елімізде осы сала бойынша авиация мамандарын даярлайтын Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің Әскери институты бар. 1974 жылы ашылған оқу ордасы инженер-ұшқыш, инженер-психолог, жалпы инженер, т.б. мамандықтар бойынша авиация кадрларын даярлайды.

Әскери-әуе күштері – Қарулы Күштеріміздің ең ұтқыр және техникалық жағынан жарақталған түрі. Әскери-әуе күштерінің жауынгерлерін әрдайым мақтанышпен айта аламыз. Олар өздерінің қол жеткізген табыстарымен еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып келеді.

Меруерт САФАЕВА

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"