Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері еркін түрде қан тапсырды

Талдықорған гарнизонында 100-ге жуық әскери қызметші «мен – донормын!» акциясы шеңберінде алматы облысының қан құю орталығының тұрақты донорлары атанды.

Ем-шара алдында әрбір донор қан тобын анықтау бойынша алдын ала зертханалық тексеруден, сондай-ақ ықтимал қарсы көрсетілімдерді түсіндіру үшін дәрігерлермен әңгімелесуден өтті.
«Адамдар көмекке мұқтаж барша жандарға қолұшын созуы тиіс. Статистика бойынша әрбір үшінші адам өмірінде қан ауыстыруға зәру болады. Біз бүгін 450 миллилитр қанымызды бердік және қанымыз көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалады деген үміттеміз», - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник серік сарабозов.
Қазіргі уақытта қр қарулы күштерінің әскери қызметшілері осындай іс-шараларға белсене атсалысады және қазақстандағы донорлықты дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Жыл сайын қр қк-нің 7000-ға жуық әскери қызметшісі еркін түрде ақысыз негізде қан тапсырады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"