Әуе қорғанысы күштерінде мемлекеттік тілді игеруде шығармашылық тәсіл қолданылуда

«Шығармашылық тәсілмен білім беру». Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі аға офицері подполковник Ақбота Қапсаттарова осындай ұранмен әскери қызметшілерді оқытуда.

Жеке құраммен сабақ барысында дәстүрлі оқу құралдарынан басқа, заманауи көркем және деректі фильмдер, аудиокітаптар мен әуендер қолданылады.
Ақбота Қапсаттарованың барлық сабақтарының өзіндік ерекшелігі бар, бір-біріне ұқсамайды.
«Әрбір сабаққа өте мұқият, жан-жақты дайындаламын. Әскери қызметшілерге күнделікті уақытта мемлекеттік тілде сауатты құжаттар дайындау үшін көмек болатын арнайы материалдармен жұмыс істеймін. Сонымен қатар, қазақ халқының аңыз, ертегілерін қолданамын. Білім алушылар тіл үйренудегі осы тәсілді жақсы қабылдап, қызығушылық танытады», - деп атап өтті оқытушы.
Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасында мемлекеттік тілді жетік меңгеру бойынша бірнеше топтар құрылған. Әрбір деңгейде әр түрлі білім беру тәсілдері қолданылды. Сабақтардың нәтижелері «Қазтест» тапсыру кезіндегі бағаларға әсер етеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"