Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында аты аңызға айналған ұшқышты еске алу рәсімі өтті

Салтанатты митинг «Небосвод – ғарышқа жол» космонавтика апталығының ашылуы аясында өтті. Іс-шаралар аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың
100 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.

Институт басшылығы мен курсанттары, ардагерлер, Виктор Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің өкілдері Талғат Бигелдиновтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері мен оның отандық Азаматтық авиацияның дамуына және еліміздің өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесі туралы әңгімеледі.
– Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың өмірі – қаһармандық пен ерліктің, кәсібилік пен Отанға адалдықтың үлгісі. Соғыс жылдары ол
ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 рет әуеге көтерілді. Бұл 500 сағатты құрайды. Ол «Ерлігі үшін», «Ленин», «Қызыл Ту», «Александр Невский», «Қызыл Жұлдыз», III дәрежелі «Даңқ», I және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, – деп атап өтті институттың штаб бастығы полковник Федор Стрелков.
Митинг даңқты ұшқыштың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Бұл іс-шара Ақтөбе облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Апта бойы қалада «Аспан адамы – Талғат Бигелдинов» атты тарихи-тақырыптық іс-шаралар өтті, кітап көрмелері, сондай-ақ космонавтика бойынша дәрістер өтеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"