Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты курсанттарға арналған таныстырылым ұшуларын өткізді

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында үшінші курс курсанттары Zlin 242L ұшақтарында ұшуларға кірісті.

ӘҚК Әскери институтының «Ақтөбе» әуеайлағында Zlin 242L ұшақтарында нұсқаушы ұшқышпен курсанттардың таныстырылым ұшулары өтті. Болашақ ұшқыштар шеңбер бойынша таныстырылым ұшуды және аймаққа шығарылымды ұшуды орындады. «Әуе кемелерін, ұшақтарды пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатқан үшінші курс курсанттары өздерінің алғашқы ұшуларын орындады.

Zlin 242L ұшағы қанаты төмен орналасқан екі орындық, бір қозғалысты еркін салмақ түсетін монопланнан тұрады. Ол пилотажға ұшуларға, қарапайым және күрделі метеожағдайларда, түнде ұшуға оқыту үшін арналған. Ұшақ АҚШ, Канада, Үндістан, Польша сияқты әлемнің көптеген елдерінде бастапқы дайындық үшін сәтті пайдаланылуда.

Нұсқаушы ұшқыштар полковник Қайдар Данғалиев пен майор Мақсат Ыбыраев хабарлағандай, курсанттар өздерінің алғашқы ұшуларын сенімді орындап, әрі қарай өздерінің ұшу машықтарын жетілдіруді жоспарлап отыр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"