Әскерилерге пәтер берілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығындағы күрделі жөндеуден өткен тоқсан пәтерлі тұрғын үйдің кілті табыс етілді. Тоғыз баланың әкесі ефрейтор Талғатбек Қалиевтің отбасы да қуанышқа бөленді.

Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығындағы күрделі жөндеуден өткен 90 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов салтанатты түрде табыс етті. Ол еліміздің Президенті–ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың күш салуымен Қазақстанның әскері қазіргі заманға лайық екенін тілге тиек етіп, Отан қорғаушылардан кәсіби біліктілік, жақсы тәртіп пен жоғары деңгейдегі жауынгерлік әзірлік талап етілетінін баса айтты.

Жаңа баспанаға қол жеткізген әскери қызметшілерді Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы Баяхметов, Аягөз гарнизонының әскери прокуроры полковник Жарасбек Қозыбайұлы Момынбеков, Аягөз гарнизонының бастығы подполковник Бекболат Құрманұлы Ғабдуллин де құттықтады. Қоныс тойына жиналған жұрт көп балалы отбасының қуанышымен де бөлісті. 02352 әскери бөлімінің инженерлік бөгеттеу ротасының аға сапер маманы ефрейтор Талғатбек Жұмағазинұлы Қалиев пен өмірлік жары Мәншүк Мәукенқызы –тоғыз баланың ата-анасы. Шаңырақтың шаттығы отағасы мен отанасына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов жаңа пәтердің кілтімен қоса, теледидарды сыйға тартты. Алтын құрсақты ана Мәншүк Мәукенқызы қолбасшылыққа алғысын айтып, жаңа пәтерге ие болған әскери қызметшілердің тілегі бір екенін жеткізді.

Биыл жылдың соңына дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз, Семей және Үшарал гарнизондарында тағы бір топ әскери қызметшіге жаңа пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр.   


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"