Әскерилердің кедергілер жолағында жаттығуды орындау шарттары

Кедергі жолағы әскери қызметшілерге ұрыс даласында өте жиі кездесетін кедергілер мен бөгеттерден өту тәсілдері мен әдістерін үйрегуе арналған жергілікті жердегі арнайы жабдықдалған алаңша.

Ол бөлімшенің, бөлімнің оқу-жаттығу материалдық-техникалық базасының объектісі болып табылады. Кедергілер жолағында жаттығу өткізу әскери қызметшілердің шыдамдылық, ептілік, батылдық, тапқырлық, бағдарлану шеберлігі және басқа да маңызды қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді.

 Салмақты жилет пен болат шлем киген жауынгер жаттығуды автоматпен орындайды. Ара қашықтық – 300 м. Отырып, бөлшектелінген автоматта №13 нормативті орындау (автоматты жинау);

 Жолақ  басындағы жиекке қарай 75 м. жолды жүгіру (жүгірісте қару «арқаға қарай» жағдайына ауысады);

Оқ-дәрілер салынған жәшікті (салмағы 16 кг.) алып, оны максималды қарқынмен кеудеден жоғары қарай 20 рет көтеру;

   Жаралыға жетіп,  кеуде тұсынан ұстап, алға артпен жылжи отыра, оны тасымалдау – 30 м.;

   75 м. жүгіру (бір-біріне көмектесе, жұппен орындау)

   «Автомобиль дөңгелектері үйінділері» кедергілерінен өту (20 м.);

 10 м. жүгіріп, тартылған сымдардың астынан жорғалап өту (25 м.)

Бір-біріне көмектесе, жұптаса орындалатын кедергі –  оқ-дәрілері бар (16 кг.) жәшікті қолға алып, мәреге дейін (20 м.) максималды қарқынмен жету.

 

 Баға көрсеткіші:

 «Өте жақсы» - 3 мин. 20 секунд:

«Жақсы» – 3 мин. 40 секунд:

«Қанағаттанарлық» – 4 минут


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"