Әскерилер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері талқыланды

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының Басқармасында Семей гарнизонының қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының кезекті ведомоствааралық мәжілісі өтті.

   Мәжіліске Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері, олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен психологтар шақырылды. Шығыс аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Серік Төреханов төрағалық еткен жиынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсаханұлы Қашағанов та қатысты.Онда Семей гарнизонындағы заңдылық пен құқық тәртібінің 2016 жылдың 8 айындағы жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, Семей гарнизонының қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының кезекті ведомоствааралық мәжілісінің 2016 жылдағы шешімдерінің атқарылу нәтижелеріне мән берілді.

Басты назар әскерилер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мен сауықтыру, әскери қызметте қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, әрі сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне бөлінді. Құрылымдар мен бөлімдерде билік пен қызмет бабын асыра пайдалану, нашақорлық заттарының заңсыз айналымы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қызмет орнын өз еркімен тастап кетуі, құқыққа қарсы іс-әрекеттердің барысы да айтылды. Бір сөзбен айтқанда, Семей гарнизонының қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының ведомоствааралық мәжілісінде әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін шараларды дер кезінде қолдана білудің жолдары жан-жақты талқыға түсті. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"