Әскерилер арасында екі күндік нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

Күзгі әскерге шақыру науқаны алдында Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Жамбыл облысының жергілікті әскери басқару органдары басшылары,  олардың орынбасарлары және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімі мен бөлімшелерінің бастықтары, облысымыздағы Тараз қаласы мен он аудан әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармасы мен бөлімдері басшылары, әскерге шақырушылардың денсаулығы жарамдылығын тексеретін облыстық жинақ пункті дәрігерлерінің, әскерлерді жинақтайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі,  ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұлан өкілдердің қатысуымен екі күндік нұсқаулық - әдістемелік сабақтар өтті.

Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінің басталуымен құттықтап, Облыс әкімінің бірінші орынбасары – Бекболат Серікбекұлы Орынбеков мырза жиынды ашты.

Одан кейін сөз кезегі Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Бақыт Әбдібаевқа берілді. Ол өз сөзінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында, азаматтарды күзгі кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңін сапалы, келеңсіз оқиғаларсыз, кедергілерсіз өткізу, бұл біздің алдымызға қойылған бірінші мақсатымыз», - деді. Ал, жиынға келген қонақтар  азаматтарды   күзгі  әскерге  шақыру  жұмыстарын  пысықтады.   

Жиын соңында,   Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Б.Әбдібаев: «Нұсқаулық - әдістемелік сабаққа арнайы шақырылған,  қоғамымызда соңғы кездері орын алып отырған қылмыстық оқиғалар, діни экстремизм мен терроризмнің індеті, жол көлік апаты секілді маңызды мәселелер туралы жеке құраммен ой бөліскен  лауазымды тұлғаларға алғысын білдіріп, болашақта ары қарай оқиғалардың алдын алуға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру жалғаса беретіндігін   айтты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"