Әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшулары барысында шеберлігін шыңдауда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілеттін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде оқу-жаттығу ұшулары өтіп жатыр.  

Әскери-әуе күштерінің елдің түрлі өңірінде орналасқан бүкіл авиациялық базаларында ұшу жаттығулары өтуде. Ұшу экипаждарының топтары тәуліктің кез-келген уақытында жұп құрамында және жеке оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтайтын болады. Ұшу жаттығулары Су-30СМ, жетілдірілген Су-27 және Су-25 көпфункционалды жойғыштарында, сондай-ақ әскери-көлік ұшақтарында және әскери авиация тікұшақтарында орындалады.
Биылғы 4-16 сәуір аралығында Қазақстанның Қарулы күштерінде «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатқанын айта кетелік.
Оқу-жаттығу шеңберінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының ұшу экипаждары әуе барлауын жүргізу, ұшу техникасы, орта және төменгі биіктіктерде әуе ұрысының тактикалық тәсілдері мәселелерін пысықтауда.
Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау нәтижесінде авиациялық базаларда жеке құрамның алған білімі, ептілігі мен дағдысы бағаланатын болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"