Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайларда шеберлігін шыңдауда

Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында армия авиациясы ұшқыштарының жиыны өтіп жатыр.

Жиынның практикалық бөлігі «Хлебодаровка» далалық әуеайлағында ұйымдастырылды. Әскери институттың авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов ұшуды басқарды.
– Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан соң әуеайлақ жарық техникалық жабдықтар кешенімен және әуе кемелерін қондырудың радиолокациялық жүйесімен жарақтандырылған. Бұл түнгі уақытта, күрделі метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде қар жамылған ландшафта және ауа температурасы төмен кезде ұшуға дайындық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті институт бастығы.
Ұшу шеберлігі мен дағдыны арттыруға бағытталған оқу-жаттығу ұшуларын армия авиациясының экипаждары Ми-8МТ көліктік-әскери және Ми-35М жауынгерлік тікұшақтарында орындайды.
Жиын бір ай бойы өтеді. Осы кезеңде 30-дан астам ұшқыш дайындалады. Сынақтар тапсырған ұшу құрамына тиісті «3-сыныпты ұшқыш», «2-сыныпты ұшқыш» және «1-сыныпты ұшқыш» сыныптық біліктіліктері беріледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"