Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әскери-әуе күштері армия авиациясының жауынгерлік тікұшақтары көк аспанда тәуелсіз еліміздің символы – Мемлекеттік туды қалықтатып алып ұшты. Осылайша, ең үздік ұшқыштар экипаждары «Менің Туым – менің Отаным» акциясына қатысты.
Акцияға қатысуға іріктелген әскери ұшқыштар – әскери парадтардың, «КADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесіне қатысқандар. Олардың шеберлігінің арқасында жүздеген оқу-жауынгерлік тапсырмалар сәтті орындалып, республикалық және халықаралық оқу-жаттығулар, сондай-ақ байқаулар мен жарыстарда үздік нәтижелерге қол жеткізілді.
– Ту – әр мемлекеттің басты символдарының бірі, елдің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Қазақстан халқы үшін маңызды күнді мерекелеу қарсаңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау арқылы акцияға қатысуды жөн көрдік, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы полковник Нұрболат Топаев.
Әуе қорғанысы күштері Қазақстанның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін күзетуде. Авиация паркі жыл сайын техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен толықтырылып отыр. Кәсіби шеберліктіктерін шыңдау үшін жеке құрамға қолайлы жағдайлар жасалуда.