Әскери топографтар атыс және бастау шептерін топогеодезиялық байланыстыру мәселелерін іс жүзінде пысықтады

Алматы қаласында Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарының топографиялық қызметтерінің бастықтарымен өткен жиын аяқталды.

Жиын бағдарламасына Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру және орындау сапасын арттыруға бағытталған теориялық сабақтар, топогеодезиялық ақпаратты есепке алуды, болуын, қозғалысын, сақтау шарттарын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар кірді
Әскери топографтар карта баспасы процесінің ерекшеліктерін зерделеді.
Тәжірибелік сабақтарда зымыран әскерлері мен артиллерияның атыс және оны бастайтын позицияларды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін дәлдігі жоғары жерсеріктік топогеодезиялық аспаптармен байланыстыруды дайындау және оны жүргізу мәселелері пысықталды.
Топографиялық қызметтердің бастықтары проблемалық мәселелерді талқылап, топогеодезиялық қамтамасыз етудің басшылық құжаттарын қайта өңдеу, топогеодезиялық ақпарат алудың заманауи құралдарын қолдану жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Одан өзге, жиын барысында Армия халықаралық ойындары аясында келесі жылы Қазақстанда алғаш рет өткізілетін топограф-мамандарды конкурсқа дайындау мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, конкурс ережесіне өзгерістер енгізу және оның жекелеген элементтерін жауынгерлік даярлық бағдарламасына енгізу.
Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев жиын соңында Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыруға және орындау сапасын арттыруға қатысты міндеттерді белгіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Швейцарский THOR готов к производству

Швейцарский THOR готов к производству

Арлан

Арлан