Әскери-теңіз күштерінің ардагерлерімен кездесті

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Ж. Жанзақовтың нұсқамасы негізінде, ҚР ҚК әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасы жеке құрамы Әскери-теңіз күштерінің ардагерлерімен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – үлкенге құрмет көрсетумен қатар, Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасында өтіп жатқан қорытында тексеру барысында ардагерлерден демеу алу. Сондай-ақ, Әскери-теңіз күштерінде, жалпы Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарудың жарқын келешегі туралы бойларына түйген тәжірибелерімен бөлісу еді.

Кездесу барысында әскери-патриоттық тұрғыдан тәлім-тәрбиесі мол рухани құндылықтар туралы әңгіме өрбіді.

Ардагерлер Әскери-теңіз күштерінің құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейінгі кезеңдегі тарихын әңгімеледі. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, өмірінің естеліктерінен сыр шертті.

Бүгінде Әскери теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде екенін айта кеткен жөн. Әскери теңіз күштері құрылған күннен бері түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Әу баста бірнеше шағын катерлері ғана болған әскери теңізшілер қазір отандық өндірістерден шыққан жаңа үлгідегі зымыран-артиллериялық кемелермен, қосымша техникалармен, қару-жарақтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, әскери теңізшілердің білімі мен білігі де назардан тыс қалған емес. Қазақстандық теңізшілер Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея сынды бірқатар шетелдерде білімін жетілдіріп отырады.

Капитан Жәмилә ТҰЯҚБАЕВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"