Әскери-теңіз күштері балалар көзімен

Жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай, Әскери-теңіз күштеріне қарасты 29011 әскери бөлімінің оқу орталығында Ақтау қаласының № 3 орта мектебінің 5-9 сыныптар оқушылары үшін «Балалар көзқарасындағы армия» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада мектеп оқушылары бір күн бойы Әскери-теңіз күштерінің күнделікті тіршілік әрекетімен танысты. Атап айтқанда, оқ ату қаруының  құрылысымен және жеке қорғаныс құралдарымен танысты.  Сонымен қатар, саптық дайындықтың әдіс-тәсілдерін тамашалады.

Метеп оқушылары 29011 әскери бөлімі оқу орталығының базасында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің мұражайын аралады.

Іс-шаралар барысында 29011 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы 2-ші дәрежелі капитан Құсайын Умаров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің тарихы мен келешекте даму перспективасы туралы  айтып берді.

Жиын соңында мектеп оқушыларына естелік ретінде кәдесыйлар табысталды.

Аталған іс-шарадан оқушылар ерекше әсер алды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"