Әскери теңізшілер оқу-жаттығу барысында жаудың диверсиялық тобының шабуылына тойтарыс берді

«Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы шеңберінде Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері корабльдерді диверсиядан қорғау, теңіз миналарын залалсыздандыру және кемелерді тексеру сияқты оқу-жауынгерлік тапсырмаларын пысықтады.

Каспий теңізінің акваторийында өткен маневрлердің соңғы кезеңінде Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының корабльдері жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізді. Әскери қызметшілер жауынгерлік қолдану ауданында АК-306 автоматты корабльдік артиллериялық қондырғыларынан және «Утес» НСВ ірі калибрлі пулеметтерінен су үстіндегі және әуедегі нысаналарға, имитацияланған қарсыластың диверсиялық топтарының жүзу құралдарына және ұшқышсыз ұшу аппараттарына іс жүзінде оқ атуды орындады.
Әскери теңізшілер Шекара қызметінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңсыз қаруланған құралымның кемелерін басып алып, оларды тексерді. «Алатау» мина-тральды кораблінің экипажы диверсанттармен орнатылған зәкірлік және түптік миналарды залалсыздандыруға арналған іс-қимылдарын орындады.
Бұнымен қоса апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету кезінде экипаждарды құтқару іс-қимылдарына ерекше назар аударылды.

- Маневрлер барысында экипаждардың дайындық деңгейі жетілдіріліп, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде олардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі пысықталады. Оқу-жаттығу Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне берілген тапсырмаларды орындауға және теңізде мемлекеттік мүдделерді қорғауға дайын екендігін көрсетті, - деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
«Батыл тойтарыс – 2022» ведомствоаралық стратегиялық командалық – штабтық оқу-жаттығуы Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"