Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жиын-жорыққа шығады

Құрамында Әскери-теңіз күштерінің «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық корабльдері, «Алатау» мина-тралдық кораблі және «Жайық» гидрографиялық кемесі бар топ Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы акваториясында жиын-жорық жасайды.

Жиын-жорық 8 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде әскери теңізшілер әуеде, теңізде және өзгермелі нысанаға оқ атуды жүргізеді, корабльдердің жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізеді, тар су айлағында, жағалау маңында және күрделі гидрометеорологиялық жағдайда жүзуін пысықтайды.
Бұдан өзге, кемелер топ құрамында бірлескен маневр жасайды. Әскери теңізшілер вахтаны жүріп бара жатып ауыстыруды ұйымдастырады, дабыл құралын пайдалана отырып ақпарат беруді жүзеге асырады, сондай-ақ корабльдің өміршеңдігі үшін күрес пен апатты жағдайдағы кемені тастап шығу жөніндегі нормативтерді пысықтайды.
Осындай жиын-жорықтар кеме экипаждарының практикалық дағдыларын жетілдіруге, Әскери-теңіз күштері жүзу құрамының әскери-теңіз машық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Зарубежные "клоны" автомата Калашникова

Зарубежные "клоны" автомата Калашникова

Военно-транспортный самолет Airbus A400M

Военно-транспортный самолет Airbus A400M