Әскери-теңіз күштеріне 28 жыл

Ел әскерінің құрылуы егемен¬дігімізді еншілеген сәттен басталды. Тәуелсіз мемлекетіміздің Қарулы Күштері үш түрлі құрылымнан тұрады. Олар: Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күш-тері. Бұлардың қазіргі таңда әлеуеті айтарлықтай артты. Оның әр бірінің құрылу тарихы бар. Қарулы Күштердің  әскер тірегінің бірі – Әскери-теңіз күштері. Қазақстанның бұл әскер түрі Президенттің Жарлығымен 1993 жылдың 2 сәуірінде құрылды.  Бүгінде оның құрылғанына  28 жыл.

Міндеті
Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қол сұғуға жол бермеу, аумақтық тұтастығын, егемендігі мен экономикалық мүдделерін қорғау – Әскери-теңіз күштерінің міндеті.
Сондай-ақ Әскери-теңіз күштері теңізде жүзу қауіпсіздігін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайлар кезінде әскери теңізшілер Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірге табиғатты қорғау мен бақылау қызметтерін орындау, оның ішінде теңіздегі экологиялық апаттардың салдарын жою кезінде көмек көрсетеді.
Әскери теңізшілер Қазақстанға тиесілі Каспий теңізінің су айлағын су асты және су үстіндегі ахуалын ұдайы зерделеп отырады.

Жауынгерлік даярлық
Тәуелсіздік жылдарында әскерлердің жауынгерлік даярлық деңгейі артты. Алғашқы кезде теңізшілер теңізге жылына 10-20 күн ғана шыққан болса, қазір осы кезеңде теңізге шығу 240 күннен асады. Бір жыл ішінде әскери-теңіз күштерінде үш мың алты жүзге дейін кеме жаттығуы, сабақтар мен жаттығулар өткізіледі.
Әскери теңізшілер жедел даярлық аясында басқа әскер түрлері мен тектерінің жедел топ құрамымен бірге жедел-тактикалық жиындарға, командалық-штабтық жаттықтыруларға, тактикалық арнайы оқу-жаттығуларға қатысады.
Бұл құралымның әскери теңізшілері жоғары кәсібилігімен ерекшеленеді. Олар тікұшақтан және катерлерден суға десант түсіруге, қарсыластың кемеге шабуылын тойтаруға, су асты миналау мен минадан тазартуға қабілетті.
Қару-жарақ пен әскери-техниканы қолдану дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелерді, кемелерді үйлестіруге және оларды жарақтандыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Теңіз астын зерттеуге арналған әскери роботтар белсенді қолдануда, олар жарылу қаупі бар заттарды тауып, мәліметтерді операторға жеткізеді.
Әскери-теңіз күштерінің құрамында зымыран-артиллериясы қондырылған мина тартқыш кемелер, сондай-ақ көмекші кемелер бар.
Жауынгерлік даярлық барысында әскери кеме экипаждары курстық міндеттерді пысықтайды. Теңізшілер кәсіби шеберліктерін Армия халықаралық ойындарының «Каспий теңізі» конкурсында жүлделі орын алумен дәлелдеп келеді.

Әскери-патриоттық тәрбие

Әскери теңізшілер елдің жас патриоттарын тәрбиелеу ісінде де белсенді. Ақтау қаласының орта мектептерінің оқушыларынан құралған «Жас мерген» және «Каспий тарландары» атты әскери-патриоттық клубтары бар. Балалар әскери істің қыр-сырын білуге құштар. Жеткіншектерге әскери кемелерді көрсетіп, таныстыру да патриоттық тәрбиенің бір үлгісі іспеттес. Болашақ ел қорғандары әскери теңізшілердің жарақтарымен, техникаларымен танысып, теңіздегі күнделікті әскери өмірден хабардар болады.

 

Кадрлар даярлау мәселесі

Кадрлар деңгейі айтарлықтай артты. Әскери теңіз күштерінің офицерлері Ресейдің, Түркияның, Германияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, АҚШ-тың жетекші әскери оқу орындарында білімін жетілдіруде.

Әскери теңіз күштерінде оқу-жаттығу орталықтары құрылып, Ақтау мен Орал қалаларында келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әзірлейтін әскери кафедралар жұмыс істейді.

 

Келешек көкжиегі

Қазақстан Республикасына Каспий теңізінің ең ұзын теңіз жағалауы тиесілі. Соны өзгелерден қорғау, қол сұқтырмау, айбынын асыру жолында түрлі жоспарлар мен жобалар іске асырылары сөзсіз. Ол енді болашақтың еншісінде.

 

ҚР ҚМ Медиа орталығы

Қарлығаш АҚЫЛБЕК


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"