Әскери теңіз күштерінің әлеуеті артып келеді

Бүгінде Қазақстанның Әскери теңіз күштерінің әлеуеті артып келеді. 1993 жылдың 2-сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Әскери-теңіз күштерінің әр қадамы адымды.

Бәрі басынан басталды

 

Егемен еліміздің сол жылдардағы қадамы жаңаша еді. Сол қадамды Қазақстанның Әскери-теңіз күштері де бастан өткерді. Өйткені, бұрындары Орталық Азиялық әскери округы базасында құрлық әскерлері мен әуе қорғаныс күштері құрылған болса, Кеңес Одағы тұсында бұл құрылымдық күш мүлдем Қазақстанда болмаған еді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың бәрін басынан бастауға тура келді.

Бірінші кезекте Кеңес Одағының Әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен, әскери-теңіз күштерінің білім мекемелерін аяқтаған офицерлер бір жерге топтастырылды.  Сосын Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жанында арнайы бөлімше ашылды, кейіннен Ақтауда әскери-теңіз базасы жасақталды.

Бұдан кейін Әскери-теңіз күштерін жаңғырту үшін арнайы техникалар, оның ішінде теңіз катерлері мен әскери кемелер алынды. Мұнымен қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерінің құрамдасы ретінде теңіздегі шекара қызметі де қатар дамып отырды. Жалпы, әскери-теңіз күштерін қалыптастыру жоспарлы түрде бір уақытта және бірнеше бағытта жүргізілді.

 

Мамандар даярланды

 

О баста қолға алынған іс кадр дайындау болды. Өйткені, кадр болмаса флоттың да болмайтыны түсінікті. Содан да болар, әскери-теңіз күштері жыл сайын отандық және шетелдік оқу орындарының түлектерімен толықтырылып отырды.

Қазіргі таңда кадрлар даярлау халықаралық келісімшарттар негізінде Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Пәкістан, АҚШ секілді мемлекеттердің әскери-теңіз күштері білім мекемелерінің базасында жүзеге асып жатыр. Онда да бұған дейін тек офицер мамандарын  даярлау туралы әңгіме болған болса, қазіргі уақытта жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтар да енгізілген. Яғни, офицерлер академиялық білім алып, біліктілігін жетілдіретін мүмкіндікке ие. Осылайша, әскери-теңіз күштері жоғары сыныпты мамандармен жасақталып,  кемелердің экипажы даярлануда.

«Байқасаңыздар, кадрларды әлемнің бірнеше елі дайындайды. Жоғарыда аталған мемлекеттермен қатар, біздің елімізде де әскери теңіз мамандары дайындалатынын мақтанышпен айта кетейін. Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде былтыр мен алғаш рет академиялық курсын бітірдім. Биыл, әскери-теңіз күштерінен 2 әскери жоғары академияда оқып жатыр. Жалпы біздің университетте маман дайындауға қабілеті де бар, деңгейі де жоғары деп ойлаймын», - дейді бізге ҚР Әскери теңіз күштерінің Бас қолбасшысы тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары I дәрежелі капитан Серік Боранбаев.

«Сондай-ақ, Ақтау қаласында орналасқан теңіз-жаяу әскерлерінің бригадасы баяғыдан бар. Кіші командалық құрамды даярлау үшін осы қалада арнайы орталық құрылған болатын. Сол орталық мерзімді және келісімшарттық қызмет бойынша әскери-теңіз күштеріне қызметшілер даярлаудан бөлек, тұтастай батыс өңірі үшін жедел ден қою резервін даярлаумен айналысады» - дейді ол.

 

Әскери-техникамен жарақтанды

 

Екінші бағыт  – әскери-теңіз күштерін заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтану. Осы орайда ауқымды әскери кеме құрылысына қатысты бағдарламаны әзірлеу және оны жүзеге асыру туралы дұрыс шешім қабылданды. Қазақстанның өзінің кеме құрылысын ұйымдастыру мақсатында отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері сараланды. Нәтижесінде Кеңес Одағы кезінде әскери-теңіз бағытындағы өнімдерді шығарумен айналысқан Оралдағы «Зенит» зауыты таңдап алынды. Оның үстіне зауыттың Каспий теңізіне шығатын жолы бар Жайық теңізіне жақынырақ орналасуы да маңызды рөл ойнады. Сонымен бұл бағдарлама табысты жүзеге асқанын қазір Қазақстанның да кеме шығаратын мемлекетке айналғанынан байқауға  болады.

Зауыт қазірдің өзінде 17 түрлі кластағы кемелер мен катерлерді құрастырып, әскери-теңіз күштеріне де беріп үлгерді. Осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш зымырандық-артиллериялық кемесі суға түсіріліп, аса маңызды үлкен оқиғасы болғаны есімізде. «Бұл жаңа әскери кеме оның алдындағылардан сыйымдылығы (250 тонна) жағынан да, қарулануы жағынан да мүлдем өзгеше. Әскери кеме зымырандық жүйемен жабдықталған, двигательдері де заманауи, бірауыз сөзбен айтқанда, ол навигация мен байланыстың барлық заманауи құралдарымен жарақталды», -дейді I дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы. «Бұдан өзге де кемелеріміз бар. Отандық кәсіпорнымызда жасалып жатқан жаңа кемелерімізді тағатсыздан күтудеміз. Одан өзге, келешекте келетін Санкт-Петербор қаласында құрастылырылып жатқан  «Алатау» кораблін де айта кеткеніміз жөн. Қазіргі кезде навигациялық жабдықтың, байланыс құралдарының, артиллериялық қару-жарақ пен электр техникалық жабдықтың, қорғаныс жүйелерінің, дабылдама мен автоматиканың құрастырылуы аяқталуда, жекелеген жүйелердің арқандап байлау сынамалары өткізілуде.  Қазақстандық армияны жарақтандыру үшін құрастырылып жатқан бұл кеме – өндірістегі бірден-бір және композиттік материалдардан жасалған жаңа үлгідегі корабль.  Ол базалардың су айдынын, кемежайларды, фарватерлер мен жағалау жиегін минаға қарсы қорғау үшін арналған.  Аталмыш кемені пайдалануға беру қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал ететін болады».

 

 

 

Есте қалған жайттар...

 

1999 жылдың шілде айында әскери-теңіз базасы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Теңіз бөлімдерінің құрамына кіргенмен, кейін бірақ, 2003 жылдың 7-мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шаралар туралы» №1085 Жарлығына сәйкес Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты.

Осы арада айта кетейік, әскери-теңіз күштерінің қалыптасу жылдарында тер төккен әскерилеріміз болмады емес, болды. «Ә» дегеннен-ақ ауызга ілігері, I дәрежелі капитан Руслан Исламов пен контр-адмирал Ратмир Комратов. Олар әр жылдары әскери-теңіз күштерін басқарғанмен, екеуі де осы күштік құрылымның құрылуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосты. Сондықтан да қазіргілер әскери-теңіз күштерінің қалыптасу кезеңдерін аталған азаматтардың есімімен тығыз байланыстырады.

Тағы да айтсақ, ҚР Әскери-теңіз күштерінің қалыптасу кезеңінде әскери теңізшілер бірқатар мемлекеттік тапсырмаларды табысты орындады. Олардың қатарында халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттерден жауынгерлік кемелерді алып келу бар. «Мысалы, 1996 жылы Германиядан Ресейдің Астрахань порты арқылы Ақтау портына су ығыстырғышы 170 тонналық күзет кемелерді әкелінді.

Есте қалған бір жайт, 2010 жылы Елбасымыздың қолынан ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Сәдуұлы Жанұзақов Жауынгерлік туды алды. Ол бізге үлкен серпіліс берді» - дейді сол кез жайында Серік Жақсығалиұлы.

 

 

Тәулікте жүру сапары

 

Осындай тапсырмалар барысында әзірлік және кемелерді қабылдау жүзудің күрделі навигациялық ауданында қысқа мерзімде жүзеге асты. Мәрмір теңізінен Каспий теңізіне дейінгі аралықта кемелер үш мың мильден артық қашықтықты жүзген екен. Нақтыласақ, қазақстандық әскери теңізшілер Мәрмәр, Азов және Каспий теңіздерін, Босфор, Керчен бұғаздарын, Дон, Волга өзендерін және Цимлян су қоймаларын жүзіп өтті. Олардың бағдар картасында Түркияның Ерелі, Синол, Гельчук, Пендик, Украинаның Азов, Ресейдің Тюмрюк, Дондағы Ростов, Астрахань порттары белгіленді. «Сапар кезінде кеме экипаждары теңізде жүзу шеберліктерін көрсетті. Тәртіптер мен ұйымшылдықтарын танытып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің беделін нығайта түсті», -дейді тағы бізге I дәрежелі капитан.

 

Бүгінгі келбеті

Бүгінде Әскери-теңіз күштері келбеті қалыптасқан. Көп нәрсе өзгеріп, көп іс атқарылды. 2014-2015 жылдары ҚР Қарулы Күштері түрлерінен Әскери-теңіз күштерінің бірінші орын алуы – соңын басты көрсеткіші деп білеміз. Жауынгерлік дайындықтың деңгейі көтерілді. Алғашқы қалыптастыру жылдарында әскери теңізшілер теңізде жылына 10-20 тәулік болса, қазір олар 150-160 тәулік болады. Кадрларды дайындау деңгейі жоғарылады. Оқыту бағыты ұлғайды. Егер бұрын тек, Ресей федерациясына әскери мамандар даярланса, қазір, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы басқа елдерінде теңіз мамандары білімдерін жетілдіріп жатыр. Былтыр су үсті кемелері экипажы мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий-2015» халықаралық байқауында біздің теңіз экипажы екінші орыннан көрінді. Бұл да әскери теңізшілердің жеткен бір жетістігі.  

 

Сөз соңы

 

ҚР Әскери доктринасында Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінген. Өйткені  Каспий жағалауындағы кейбір елдердің өз әскери әлеуетін арттыруға тырысуы әлі де сақталып отыр. Ал, теңіздегі даулы мұнай көздері болашақ аймақта әскери-саяси жағдайдың ушығына әкеліп соғуы мүмкін. Осы факторлар Қазақстанның әскери теңіз күштерін құруға дер кезінде шешім қабылдағанын көрсетті. Сондықтан да, ҚР Қарулы Күштерінің әскери-теңіз күштері каспий аймағындағы тұрақтылықтың кепілі болып отыр деп айтуға болады. Жалпы, 1993 жылдың 2 сәуірінде ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері еліміздің стратегиялық маңызды нысандарын, теңіз экономикалық аймағы мен акваториясында жауынгерлік тапсырманы және әскери-теңіз күштері басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп те тапсырмаларды орындайды. Келешекте талай белесті артқа тастап, толайым жетістіктерге жетіп жүрген әскери теңізшілеріміз жарқын істерден көріне беретініне сеніміз мол.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"