Әскери қызметте қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір командирдің басым міндеті

Әскери полиция бас басқармасына қарайтын әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының офицерлері Қарағанды гарнизонының әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігінің түрлі тәуекелдерін барынша азайту бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, нұсқау беру-әдістемелік сабақтар өткізді. Оның барысында әскери қызмет қауіпсіздігін бақылаудың бірыңғай жүйелері, осы бағытта жүргізілетін жұмыстың негізгі тәуекелдері мен жай-күйіне жүргізілген талдау қаралды.
Жеке құрамға Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының негізгі ережелері мен талаптарын түсіндірді. Әскери бөлімдердің командирлеріне тәуекелдерді басқарудан әдістемелік ұсынымдар берді.
-    Әскерлердің тыныс-тіршілігіне әскери қызмет қауіпсіздігінің тиімді құралдарын өзектендіру және жоспарлы енгізу басым міндеттердің бірі болып табылады, - деді ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бастығы полковник Руслан Уәлиев.
Осы жылдың басынан бастап әскери полиция Ақмола, Алматы, Шымкент және Тараз гарнизондарында кешенді іс-шаралар өткізді. Қорғаныс министрі мен Бас штаб бастығының әскери қызмет тәуекелдерін азайту жөніндегі талаптарын іске асыру басты мақсат болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"