Әскери қызметшілер арасында тіл мерекесіне арналған байқау өтті

Жыл сайын елімізде республикамыздың барша азаматтары үшін Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі атап өтіледі. Осынау атаулы күн қарсаңында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты байқау өтті.

Ана тілі мен өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті дарыту және тілдер, әр түрлі ұлттардың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту мақсатында Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты байқау өткізілді. Байқауға 9 команда қатысты.

Олардың құрамында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері. Әрбір команда Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың бірін көрсетті. Командалар күрделі, бірақ, ұлттық дәстүрдің қызықты театрландырылған қойылымдарына, ән мен биді орындауға, ұлттық киім мен әшекейді, ұлттық тағамдарды және т.б. көрсетуде бақ сынасты. Әр команда тұрмысты, мәдениетті анағұрлым нақты көрсетуге, тарихты айтып беруге тырысып бақты. Байқау қорытындысы бойынша ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының «Ынтымақ» командасы бірінші орынды, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының «Бес қару» командасы екінші орынды және ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының «Тәртіп сақшылары» командасы үшінші орынды жеңіп алды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"