Әскери қызметшілердің дене даярлығы және спортпен шұғылдануы

Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, дене тәрбиесін дамыту - оларды өзінің әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажырамас бөлігі. Комаңдирдің (бастықтың) бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлығы оның әскери бөлімнің тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінде негізгі міңдеттерінің бірі болып табылады.

Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға:

- командирлердің (бастықтардың) қызмет пен тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізумен;

- оларды ұдайы шынықтыруымен, дене даярлығымен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануымен;

- санитариялық-гигиеналық, жұқпалы ауруларға қарсы және емдеу- профилактикалық шараларды жүзеге асыруымен қол жеткізіледі.

Әскери қызметшілердің .күнделікті қызметі кез келген жағдайда әскери жарғылар мен тәлімдемелердің олардың қызметтері мен тұрмысының жағдайларын жақсарту туралы талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте орындалатын тапсыр­малардың ерекшелігі, әскери бөлімнің орналасқан ауданындағы климаттық жағдайлар, экологиялық жағдай, материалдық қамтамасыз ету және казармалық тұрғын үй қорының жай-күйі ескеріледі.

Командирлердің (бастықтардың) әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табьmады:

- қажетті қауіпсіздік талаптарын белгілеу және оларды әскери қызметшілерге уақтылы жеткізу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

- санитариялық нормалар мен әскери қызметшілерді орналастыру, олардың тамақтандырылуын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, жылумен, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етудің басқа да түрлерімен жабдықтау жөніндегі талаптарын қатаң орындау;

- күн тәртібі мен қызметтік уақыттың регламентінің дәл орындалуын ұйымдастыру;

- тиісті үлестік нормаларды әрбір әскери қызметшіге уақтылы және толық жеткізу;

- әскери қызметшілердің денсаулығына зиянды факторлардың әсерлерін жою немесе белгіленген шектерге дейін төмендету, әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан ауданында санитариялық­-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шараларды жүргізу.

Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы мен спорт дәрістері олардың организмінің қоршаған ортаның физикалық факторларының түрлі күрт өзгерістеріне, әскери қызметтің ерекшеліктеріне және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру жөніндегі шараларды олардың командирлері (бастықтары) медициналық қызметтің бастығы мен дене даярлығы және спорт бастығының, сондай-ақ командир (бастық) тағайьrндаған басқа да адамдардың үнемі бақылау жасауымен жүргізеді. Бұл шараларды жоспарлау кезінде әскери қызметшілер денсаулығының жай-күйі, олардың жасы мен жергілікті жердің климаттық жағдайлары ескеріледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру ұдайы және су, күн мен ауа факторларын дене даярлығы және спорт сабақтарымен үйлесімді кешенді пайдалану арқылы үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Әскери қызметшілерді шынықтырудың негізгі әдістері мыналар болып табылады:

- таза ауада таңертеңгі дене шынықтыруын күн сайын орындау;

- белуарға дейін суық сумен жуыну немесе жеңіл-желпі суық су бүрікпесін қабылдау;

- аяқты ұйықтауға жатар алдында күн сайын суық сумен жуу;

- қысқы кезеңде шаңғы жаттығулары мен дәрістерін жүргізу, жеңіл киімде кейбір жүмыстарды орындау;

- жазғы кезеңде жеңіл киімде дәрістер мен спорттық-бұқаралық шараларды жүргізу, күн ваннасын қабылдау және дәрістер мен жұмыстардан бос уақытта және демалыс күндерінде ашық су айдындарында шомылу.

Дене даярлығы мен спорт жөніндегі дәрістер таңертеңгі дене шынықтыруда, оқу дәрістерінде, спорт-бұқаралық жүмыс уақытында, әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік қызметінің процесінде, сондай-ақ өз бетінше жаттығулар барысында жүзеге асырылады.

Дәрістерде дене шынықтырулары әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің қай түріне және әскерлердің тегіне жататындығы, жасы мен денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып жаттығулардың түрлі тәсілдері және дене жүктемесін мөлшерлеу ескеріле отырып орындалады.

Спортпен шұғылдану спорт секцияларында әрі күн тәртібінде әрі қызметтік уақыттың регламентінде белгіленген уақытта жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене тәрбиесі мен спорт дәрістері олардың ағзасының қоршаған ортаның физикалық факторының түрлі күрт өзгерістеріне, әскери қызметтің ерекшеліктеріне және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға байланысты жағдайларға төзімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді шынықтыру ұдайы су, күн мен ауа факторларын дене даярлығы және спорт сабақтарымен үйлесімді кешенді пайдалану арқылы үздіксіз жүргізілуі тиіс.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"