Қылышын сүйреткен қыс Жамбыл облысы, Қордай ауданына да келіп жетті. Осы айда толассыз жауған қар қалыңдағы мөлшермен 50-70 сантиметр болып, жұртты әбігерге түсірді. Сол мезетте көмекке әскери қызметшілер келді.
Оңтүстік өңірін таң қалдырған қолайсыз ауа райы Алматыдан Ташкентке қатынайтын тас жолдарда қар қалыңдағынан отызға жуық жүк автокөліктері 191, 216 шақырымдағы және Қордай асуында тоқтап қалды. Осы ауданда, Гвардейск қалашығында орналасқан 75263 әскери бөлімінде төтенше жағдайға байланысты арнайы техникалар мен жеке құрамынан командалар құрылды.
Бірінші команданы бастаған инженерлік-саперлік батальонының командирі капитан Н.Сағандықов өз командасының жеке құрамын дереу жинады. Қойылған тапсырмаға сәйкес, Қордай асуындағы төтенше жағдайда тұрып қалған автокөліктердің шығуына көмек көрсетіп, елдің ықыласына бөленді.
Кез келген жағдайда Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілері ел алдында өркендері өсіп, абыройлары артып асқақтай берсін демекпіз!
Майор М.Мадрахимов
75263 әскери бөлімі