Әскери қызметкерлерге арналған жеңілдіктер

Әскери қызметкерлерге арналған жеңілдіктер

Біздің ел әскери қызметкерлердің өздеріне де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне де қажетті көмекті көрсетіп отырады. Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер бар.

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олармен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелері 

  • жұбайы (зайыбы); 
  • ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, 
  • күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) жиырма үш жасқа толмаған балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; 
  • он сегіз жасқа толмаған мүгедек балалары (асырап алған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары;
  • әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары

– мемлекет есебінен әскери қызмет өткеру кезеңіне тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

 


Әскери қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету


Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілердің қызмет орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер не медициналық көрсеткіштер бойынша арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмек ведомстволық тиесілігіне қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарында және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде көрсетіледі.

Жекеменшік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке меншік медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Емделуге жұмсалған қаражатты әскери қызметшілерге, олар құрылымында әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде өтейді.

Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, олар құрылымында әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаторийге жіберіледі.

 

 


Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру


Әскери қызметшілердің барлық санаттары әскери қызмет міндеттерін орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.

Ақшалай үлес ақшалай қаражатты (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да үстемеақыларды қамтиды.

Мемлекеттік қызмет өтілі ескеріледі

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақылары мемлекеттік қызмет өтілі ескеріле отырып айқындалады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер лауазымдық айлықақыларының және әскери атақтар бойынша айлықақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер лауазымдық жалақыларының мөлшерінен және тиісті арнайы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.

Әскери қызметші әскери қызметте дәлелсіз себептермен болмаған жағдайда оған болмаған күндері үшін ақшалай үлес төленбейді.

Ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін уәкілетті органдар белгілейді.

Зиянды заттарды залалсыздандырудағы әлеуметтік көмек

Әскери қызметшілерге жарылу қаупі бар заттарды және өзге де жарылғыш құрылғыларды іздеу, тасымалдау, залалсыздандыру және жою жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәулігіне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және объектілерде радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге нақты жұмыс істеген уақытына тепе-тең ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда тұратындарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.

Әскери қызметшілер мемлекет есебінен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша және уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.

Тамақтандырумен қамтамасыз етіледі

Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда:
 1) жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде;
   2) қарауылдағы қызметті атқарған кезде;
  3) тәуліктік нарядты атқарған кезде;
  4) далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде;
   5) орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде;
      6) маяктарда вахтада тұрған кезде;
      7) суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде;
      8) парашютпен секірген кезде;
      9) әскери эшелондарға ілесіп жүрген кезде;
      10) әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық емделуде болған кезде;
      11) гауптвахтада ұсталған кезде;
      12) бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Ұшқыштар құрамына көмек

Ұшқыштар құрамының әскери қызметшілері әскери қызмет өткеру уақытында тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат етілген инженерлік-техникалық құрам ұшуларды дайындау және орындау кезеңінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілер мемлекет есебінен қызметі бойынша ауысқан, әскери қызметтен шығарылған кезде, стационарлық емделуге барған және кері қайтқан кезде теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен жол жүруге, сондай-ақ қызметі бойынша ауысқан және әскери қызметтен шығарылған кезде он тоннаға дейін жеке мүлікті тасымалдауға құқылы.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңда көзделген жағдайларда әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жол жүруге және пошта жөнелтілімдеріне арналған басқа да шығындар өтеледі.

Қоныс аударғанда көмек көрсетіледі

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қашықтығы 100 шақырымнан астам бір елді мекеннен басқасына қоныс аударуға байланысты қызмет бабымен ауысқан кезде (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге қоныс аударған әрбір отбасы мүшесіне айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақысы төленеді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких

ПТРК "Метис" - самый мощный из самых легких