Әскери қызмет қауіпсіздігі

Алматы қаласы авиациялық базасында  «Әскери қызмет қауіпсіздігі» онкүндігі аясында Ішкі қызметті атқару ережесі мен тәртібін бұзушылықтарын болдырмау мақсатында сабақ өткізілді.

Авиациялық базаның штаб бастығы полковник Сергей Дюсьмекеев: Командирлер (бастықтар) әскери қызмет қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оған жауап береді. Әскери қызмет қауіпсіздігі жөніндегі талаптар барлық әскери қызметшілердің, олардың әскери қызмет өткеру кезеңінде орындауы үшін міндетті.
Штабтың әскерлер қызметінің диверсияға қарсы жұмыс жөніндегі аға офицері майор Нурлан Акбердинов жеке құраммен Ішкі қызметті атқару кезінде тиесілі қару мен оқ – дәрілерді беру, қаруды оқтау және оқсызданудыру талаптары туралы сабақ өткізді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы подполковник Алибек Бердибеков: қару – жарақ, оқ – дәріні алған кезде олардың санына, мыжылмағандығына, тот баспауына аса мән беру керектігін ескертті.
Сабақ соңында авиациялық база командирі подполковник Амангелді Макишев: «Әскери қызметші қызметтік істер нәтижелеріне қатысты бірінші орында әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығына басымдық берілетінін» ерекше атап өтті.

Майор Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"