Әскери қарым-қатынас мәдениеті

Адамзат қоғамындағы ең басты қағида адамдардың күнделікті  қатынасындағы мәдени қарым-қатынасты туғызып, оны әрі қарай сақтай отырып, адамзатқа тән байланыстарды орнату болып табылады. Әскери қызмет саласында ең басты ұғым ол жауапкершілік пен лауазым шені жоғары әскери тұлғаны құрметтеу болып табылады. Басшылық тарапынан берілген нұсқаулар мен бұйрықтарды бұлжытпай орындау. Бұл тәртіптілік әскери тұлғаның қарым-қатынаста ұстанатын ең негізгі қағидасы.

Әскери қарым-қатынаста орындалатын негізгі рәсім әскерилердің амандасуынан басталады. Тіптен ХІІІ ғасырдың өзінде-ақ әскери қызметшілердің өзара сәлемдесуі  белгілі бір дәстүрлік сипатқа ие болған. Қарсы келе жатқан шені төмен жауынгер өзінен шені жоғары жауынгерге қимылмен ілтипат көрсетіп, сәлем бергеннің белгісін жасаған. Кейінгі кезеңде бас киімінің шекесіне оң қолын қойып амандасуы әскерилер арасындағы кинемалық белгі мәдени салт болып қалыптасты.

Әрине, әлемдегі әр елдің әскери салты түрлі-түрлі кинемалық нышандармен ерекшеленетіні белгілі. Бұндай әскери қарым-қатынастық белгілер ұлттың  ғасырлар бойы қалыптасып қалған мәдениетімен жауынгерлік дәстүрлерімен тығыз байланыстағы мазмұнда танылатыны анық. Әскери қарым-қатынас мәдениетінің  бір қарағанда қарапайым тәртіп жүйесінде өрбуі, бірте-бірте ережелік тәртіп негізі болып қаланғаны белгілі.

Күнделікті жауынгерлік дайындық уақытында әр жауынгердің саптық қалпы оның сыртқы келбеті қимыл-әрекетіндегі нақтылықпен көрініс табуы қажет етіледі. Осы тұрғыдан алғанда әр сарбаздың сыртқы келбеті тартымды, киім үлгісі де бұйрыққа негізделген пішінде болуы көзделеді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері қазақ әскерінің әскери мәдени мазмұны толымды сипатқа ие болды десек, артық айтпағандық болар еді. Соңғы үлгідегі әскерилердің қазіргі киім үлгісі жан-жақты көркейіп, тәуелсіз еліміздің рәміздеріндегі нышандармен сабақтаса толыға түсті.  Жең , жаға , кеуде белгілердің айқын берілуі тәуелсіз еліміздің әскери сыртқы болмысын көркейте түсті. Екіншіден халықаралық әскери киімдердегі талаптарға сүйене отырып жасалынды.

Кеңестік дәуірдегі әскерилердің өзара амандасуындағы сөз қолданыстары бүгінгі күні біршама өзгеріс алды. Бұрынғы «жолдас майор» деп айтудың орнына, « майор мырза» деп айтылып оның үрдіс алуы ұлттық әскеріміздің өз алдына толыққанды келбетіне көшкендігінің белгісі емес пе?!

Қазақ әскеріндегі сөз қолданысы ол бір ғана кезеңнің еншісіне кірмейді. Әскери болмыстың мазмұны біз үшін тереңнен тартылатыны белгілі. Ел мен жерді қорғау саясаты түркілік кезеңнен елдік мақсат-мүдде ретінде бар түркі әскерінің басты идеясына айналғаны тарихтан білеміз. Түркі жерін жаудан қорғауда бес қаруын бойына ұстап, күндіз-түн демей кең даланың әр бұршын

кезе шауып, ел шетінде жел өтінде, дамыл таппай, бөтенге көз сүздірмеген түркі жауынгері «сақ» тайпасы деген атқа жайдан жай ие болмағаны тағы да анық.

Осы кезеңдерден ел шетін жауынгер болып, күн-түн демей ұланғайыр даланың о шеті ме бұл шетіне   дамыл көрмей жау аяғының басуына ерік бермеген халықты «жауынгер» халық емес дей алмайсың . Сондықтан қазақ әскерінің әскери салт- дәстүрі терең тарих қойнауларынан келе жатқан әскери әдет-салттарға бай мазмұнды құрайтыны сөзсіз.

Әскери мәдени пішінді сақтау әскери жарғы ережесінің ең құнды баптары болып отыр. Әскери қарым-қатынас та осы талап-ережелерді сақтағанда ғана әскери тұлғаның нағыз келбеті сақталып мәдени мазмұнға ие болады.

Сол себепті көпшілік ортада әскери киімді офицер болмысы көзге айқын көрінеді және басқалар әскери тұлғаға ереше ілтипат танытатыны белгілі. Сол себепті көпшілік ортада әскери адам қолына кез келген қоржын-қапшықты ұстауға жөн-жосықсыз оны арқаға көтеріп алуға әскери жарғы тұрғысынан тыйм салынған. Бұдан шығатын қорытынды әскери болмыс әрқашан жарлық мазмұнынан арнайы ереже-тәртіп болып орын алған. Осы ережені қатаң түрде іске асыру әрбір жауынгердің міндет парызы болмақ.

Күнделікті әрбір қарым-қатынас белгісінің жарғы мазмұнында орын алуы ол әскери мәдениетті қатаң сақтауға, қарым-қатынас мәдениетін бұлжытпай орындауға негізделген ереже. Әрбір жауынгер киім үлгісін жарлық негізіндегі талап сай қатаң тәртіппен сақтауы оның қызмет міндетінің абыройы.

Қазіргі әскеріміздегі қарым-қатынас мәдениеті жан-жақты байытылған әдет-салттарға негізделіп іске асыруға адами болмысқа сай құрылған. Қоғамдағы әрбір азамат көпшілік ортада әйел адамдарға ілтипат көрсетуі ол ер адамның анаға деген құрметінен туындайды. Осы жақтан алып қарағанда әскери мәдениеттің ең басты нышаны да, басты ел қорғау идеясымен сабақталып жатады. Жанұяда атан-ана тәрбиесін бойына сіңіріп өскен ұл ертең ер жетіп азамат жасқа жеткенде « ұяда не көрсе», соны бойына жинап рухани азық етсе, келешекте Отан алдындағы парызын өтеуде азамат шынай әскери болмыс пен ұл мәдениетінің кебеті болары анық.

Әскери азамат болып қалыптасу ер адамға байыптылық пен төзімділікті, жігерлілікті, ең бастысы мәдени болмысты табиғатты қажет етеді. Қоғамдық орта –  адамзат мәдениетінің жанды мәдени қарым-қатынасының алаңы. Осы көпшілік ортаның әр бұтағы байыппен, адами қалыптың жоғары болмысымен сақталса ғана ол адамзат мәдениетінің өшпес, сынбас табиғаты болып танылар еді. Адамзат қоғамының бүгінгі жеткен жемісі де адамға тән мәдени орта.

Адамзаттың мәдени ортасын тыныш, бейбіт қалыпта сақтау тек, әскери тұлғаның ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің  парызы.

Әскери тұлғалардың сыртқы пішіні мен бет пішіні де жалпы адамзаттың мәдени нормалар ауқымымен сабақтасып жатады. Жауынгер күн сайын сақал-мұртын басып, шашын желкесіне не смайына шығарып күдірейтпей жинақы түрде ұстау да әскери мәдени бірліктердің басты нышаны болып саналады.

Күнделікті қызметте кинемалық қимылдар, ишара белгілер әскери ортада қалай-болсын солай қолданыла бермеу де жолға қойылған. Әрбір жауынгер артық сөзге бармай қысқа түрде ғана «Дәл солай», «Құп болады!», « Жоқ олай емес» деп қысқа ғана жауап қайтару әр  жауынгердің   сөз саптау мәдениеті болып қалыптасқан.

Белгілі мәдениеттанушы Эмили Пост:  « Егер тойға шақырылған ерлі-зайыпты адамдардың бірі әскери шенді адам болса, онда шақыру билетіне  шақырылған әскери адамның атына тіркеліп оның шені де көрсетіліп     жазылу керек»- дейді. [1.733.] «Егер сіз әскери атақтың нақты қалай жазылатынына көз жеткізгіңіз келсе АҚШ әскери күштеріндегі арнайы хаттамалық қызмет орнымен хабарласып мәлімет алуға  болады. Ол үшін арнайы 22 тараудағы « Аты-жөні, титулы ресми хаттама» дегенге қарап жазуға болады - деп анықтама береді әлемге аты танылған мәдениеттанушы  Эмили Пост. Міне, адамзаттық мәдени байланыстың жемісі әрбір қарым-қатынастың түйткілді орнына қалай мән беруді, көзден таса ештеңе жоқ оны барынша белгілі бір әдеп болмысының мазмұнында мейлінше қолддануды қажет ету, жалпыадамзаттық құндылықтардың бағасын көтеруге, оны танытып тарату баршамызға міндет артатын мәдени таным екенін айтқымыз келеді.

Жәнібек Сарғазин, подполковник

Құрлық әскерлері әскери институты оқу

бөлімінің оқу үдерісін жоспарлау және

ұйымдастыру бөлімшесінің әдіскері


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"