Әскери прокурор жеке құраммен кездесті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тылы бастығы басқармасына бағынысты 23366 әскери бөлімінде Ақмола өңірлік гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Д.Жұмаділовпен кездесу өтті. Оған бөлімнің барлық деңгейдегі әскери қызметшілері қатысты.

Кездесуде 23366 әскери бөліміндегі құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру барысы талқыланды.

Әскери прокурормен жеке құрамға қолданыстағы сыбайлас жемқорлық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларын, құқық бұзушылықтардың барлық түріне «нөлдік төзімділік» көріністері мен қаупін тудыратын жағдайлар түсіндіріліп, қолданатын жазаның жүйесі жеткізілді.

Басты назар жеке құрам арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, банктік несиелдерді рәсімдеу, ақшалай қарыздардың зардаптары, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне бейім адамдарды динамикалық бақылау топтарына енгізу, олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру, әйелдер кеңестері мен сержанттар құрамы жұмысының тәжірибесін жалғастыру, арыз-шағымдарға арналған пошталық жәшіктер, сенім телефондары, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп жағдайларының қорытындылары бойынша ынталандыру және көтермелеу жұмыстарын жүргізу, әскери қызметшілердің қоғамдық ортада және тұрмыста тәртіп ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктері, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі жөнінде мәселелерге бөлінді.

Бөлім командирі майор Қ.Қалиев осы мақсаттағы іс-шараларды бірігіп шешудегі өзара байланыстың мәселесіне мән берілетіндігін айта кетті.

Әскери прокурор «2016 жыл – әскердегі құқықтық мәдениет жылы» деп жариялануына байланысты Қазақстан армиясының имиджін барынша ақпараттандыру, жеке құрамға құқықтық және әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға шақырды.

Кездесу барысында жеке құрам өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Соңында АӨГ Әскери прокуроры «бірлесіп жұмыла білсек, заңбұзушылықтардың алдын аламыз, тәртіп те болады» деп өз сөзін тәмамдады.

 

 

Аға лейтенант А.НҰРХАНОВА


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"