Әскери-патриоттық тәрбие: жаңа формалар, әдістер мен құралдар

Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі басшылары мен офицерлерінің оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Бейнеконференц байланысы арқылы өткен кездесуге Қарулы Күштер әскер түрлері бас қолбасшыларының, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының орынбасарлары, гарнизондар, әскери мекемелердің бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері, сондай-ақ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі офицерлер қатысты.

Жиында өзекті тақырыптар талқыланып, қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың себептері талданып, тараптардың жауынгерлік іс-қимылдарын моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпараттың әсер етуі талқыланды.

Бас штаб бастығының орынбасары бірінші дәрежелі капитан Серік Борамбаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық ахуалы мен жауынгерлік рухын сақтаудың маңыздылығын атап өткенін еске салды.

Өз сөзінде ол, Қарулы Күштердегі офицер-тәрбиешілер қызметінің өзекті мәселелерін қозғады. Бірінші дәрежелі капитан Серік Борамбаев барлық қазіргі кездегі әскери және ішкі қақтығыстарда идеологиялық күрес әдістері қолданылғанын айтты. Жасырын қарсы тұрудың басты нысанасы, әрқашан жас буын болатын.

Осының барлығын ескере отырып, қорғаныс ведомствосы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» атты жаңа бағдарлама әзірлеп, оны таныстырды.

Аталған іс-шара Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жалғасты. Онда елорда әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Марат Смағұлов, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Жанар Бұқанова, Отбасы мен жастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Рақышева және Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Гаухар Мұсаева пікірлерімен бөлісті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"