Әскери-патриоттық клубтары сайысты

Қызылорда облыстық ішкі саясат баскармасы, «Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы және «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған  ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен сайыс  № 2019 әскери бөлімінде қаланың үздік әскери-патриоттық клубының (ӘПК) арасында болды.

Бұл сайыста ӘПК тәрбиеленушілерінің төзімділігі, ширақтығы сыналды. Әрбір қатысушыны бұл сайысқа әскери іске, өз Отанына қызмет  етуге қызығушылығы алып келген. Қатысушылар сайыстың жеті түрі бойынша бақ сынады. Олар: 100м- ге жүгіру, белтемірге тартылу, Калашников автоматын шашу және оны қайтадан жинау,  жігіттер арасында арқан тарту және алғашқы медициналық көмек көрсету, кеудеде жатып қолды бүгіп, жазу, плащ түріндегі әскери жамылғы кешенді кию.

Жеңіске өзіміз күткендей, Спасск қаласында өткен республиқалық әскери-патриоттық сайыста 2 рет  жеңімпаз болған № 23  мектеп-лицейінің «Айбын» ӘПК үш номинация бойынша бірінші аяқтады. Олар АК-74-ті жартылай шашып, жинау, 100 м-ге  жүгіру және арқан тарту сайыстарынан ерекше көрінді. Ал, барлығынан оза шапкан №23  мектеп-лицей бірінші орынға қол жеткізді. Екінші жалпы командалық орынды № 253 орта мектеп, ал үшінші орынды № 101 орта мектептің ӘПК тәрбиеленушілері иемденді.

Оларға арнайы кубоктар мен дипломдар табысталды.

Жеңімпаз атанған №23  мектеп-лицейінің «Айбын» командасы ендігісін облыстық сайыста Қызылорда қаласының намысын қорғайтын болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"