Әскери-патриоттық жарыс өтті

Орал қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына байланысты Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен Батыс Қазақстан индустриалды колледж базасында «Отан қорғаушы – 2018» атты әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды.

Облыстық жарысқа 12 аудан және 22 қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әскерге дейінгі жастары әскери қолданбалы спорт түрінен қатысып, сайысты.

Жарысқа қатысушылар келесі жарыс түрінен сайысқа түсті:

·        Пневматикалық винтовка ату;

·        Дартс лақтыру;

·        Кермеге тартылу;

·        АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау;

·        Саптық дайындық;

·        Арқан тарту.

 

Жарыстың негізгі мақсаты – болашақ ел сарбаздарын жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық, ерлік рухты қалыптастыру.

Облыстық «Отан қорғаушы – 2018» әскери-патриоттық сайысының ашылу салтанатында БҚО білім басқармасының және БҚО Қорғаныс департаментінің өкілдері сөз сөйлеп, №5517 әскери бөлімнің әскери оркестрі өз өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты шара колледж директоры Али Масалимовтың құттықтау сөзімен ашылды. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бұл әскери-патриоттық сайыстың негізгі мақсаты – әскер жасына дейінгі жастар арасында ең мықты, ең жылдам, ең күштілерді анықтау.

Әскери-спорттық шара командалық және жекелей спорт түрлерінен өткізілді. Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда әскери-спорт түрі бойынша тыңғылықты даярлықпен келгендері көрініп тұрды. Әскери-патриоттық сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Батыс Қазақстан индустриалды колледжі бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші және үшінші жүлделі орындарды Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Құрманғазы атындағы саз колледжі, сонымен қатар Шыңғырлау колледждері иеленді.

Әскери-патриоттық сайысқа қатысушылардың барлығына сертификаттар мен алғысхаттар, естелік сыйлықтар тапсырылды, сонымен қатар жеңімпаздар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

Б.Жанатаров

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

оқытушы-ұйымдастырушысы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"