Әскери оқу орындарына оқуға түсу тәртібі

Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің өкілдері жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе әскери оқу орындарына оқуға түсу және әскери мамандықтарды оқып-үйрену жөніндегі ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Өткізіліп жатқан түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты – бұл кәсіпқой армиялық сапқа еліміздің үздік жастарын тарту. Түсіндіру барысында жалпы білім беру орта мектептерінің бітіруші сыныптарының оқушыларына әскери оқу орындары, оған оқуға түсу және оқып-үйрену шарттары туралы ақпарат жеткізілді, үгіт-насихат бейнероликтерін тамашалау ұйымдастырылды, сондай-ақ қызығушылық білдірген адамдармен әңгімелесулер жүргізілді. Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының жалпы білім беру орта мектептерінің бітіруші сыныптарының 3000-ға жуық оқушысы қамтылды. Бүгінде әскери білім беру қазіргі заман ағымына сай және ұдайы жетілдіріліп жатқанын, оқыту сапасы жоғары деңгейге қойылғанын айта кету қажет.  Қарулы Күштерді дамыту песпективасына барабар әскери кадрларды дайындаудың ұлттық жүйесі қалыптасты. Курстар бағдарламасына әскери әдеп, көшбасшылық пен әскери істегі басқару стилі сияқты пәндер енгізілді. Бұл факторлар тұлғалықты, көшбасшылық қасиеттер мен курсанттардың мінез-құлқын қалыптастырады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"