Әскери оқу орындардың курсанттары мен профессорлық-оқытушы құрамның әскери даярлығы күшейтілуде

Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери институттары, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты ҚР Қарулы Күштері түрлерінің құрамына кіреді.

Аталған өзгерістер Қарулы Күштердегі әскер түрлері қолбасшылықтарының өз әскерлері үшін кадрларды даярлаудағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл курсанттарға барынша әскерлерге жақын болуға мүмкіндік береді.

 Олар оқу орнынан кейін әскерлерде қызмет атқарады, болашақ офицерлердің жауынгерлік даярлығының практикалық деңгейін арттырып, сапасын көтереді. Білім беру процессінің маңызды құралы ретінде практика курсанттардың болашақ кәсібін меңгеруде айтарлықтай роль атқарады. Олар әскери қызметтің қалыптасуын көріп, күнделікті іс-қимылына араласады, әсіресе, қазіргі уақытта әкелініп жатқан заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгереді. Сонымен, қазіргі курсанттар оқу орнын аяқтағаннан соң өз ісін білетін және тапсырмаларды айқын түсінетін маман ретінде қызметке кірісетін болады.

Айта кетер жайт, әскери оқу орындарын әскерлерге жақын ұстау бағыттарының алғашы қадамы жасалды. Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының басшылығымен, Құрлық әскерлері әскери институтының профессорлық-оқытушы құрамның, Әуе қорғанысы күштерінің жедел тактикалық тобының, Десантты-шабуылдау әскерлерінің қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп, оның нәтижесі Құрлық әскерлерінің командалық буыны мен әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамымен бірлесіп оқытудың тиімділігін көрсетті.

Оған қосымша аймақтық қорғаныс бөлімшелері, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі мен ТЖМ де қатысты. Оқу-жаттығу барысында Қарулы Күштердің әскер түрлері мен еліміздегі ведомствалар арасындағы өзара іс-қимылдың бірлескен арнайы операциясы орындалды. Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының басқармасы осындай оқу-жаттығуларға ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери оқу орнының курсанттарын қатыстыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"