Әскери мектеп тәрбиеленушілері арасында әскери-спорттық ойындар басталды

Алматыда Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының кубогына республикалық әскери мектеп және мамандандырылған лицей тәрбиеленушілері арасында әскери-спорттық ойындар басталды.

«Сайысқа дене күшін, щыдамдылығы мен  спорттық машығын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге мықты мінез, ерік, табандылық және командалық рух танытуға тура келетін мықты команда жиналғанына кәміл сенімдімін.  Барлық қатысушыларға сәттілік, әділ жеңіс және сәтті өнер көрсетулерін тілеймін», - деді сайыс қатысушыларына лебізін білдірген КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы, грек-рим күресінен әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы Дәулет Тұрлыханов.  Сайысқа Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Семей қалаларының құрама командалары қатысады. Сайыс бағдарламасында әскерилендірілген эстафета, күштік жаттығулар, сондай-ақ Президенттік тесттер (пневматикалық винтовкадан оқ ату, 100 метрге жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, белтемірде тартылу, 50 метрге жүзу, 3 000 метрге жүгіру, еденнен бұлшық етті қатайту). Осы жылы әскери-спорттық ойындар екінші рет өтіп жатқанын айта кетейік. Былтырғы жылы Алматы қаласындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері сайыс жеңімпазы атанған болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"