Әскери медицинаны ғылым тұрғыда қарастырып, диссертация қорғаған алғашқы қазақ кім?

Әскери медицинаны ғылым тұрғыда қарастырып, диссертация қорғаған алғашқы қазақ азаматын білесіз бе? Ол – медицина ғылымының кандидаты, профессор, әскери ғылыми академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, отставкадағы медицина қызметінің полковнигі Найман Оқапов.
Білікті де білімді, ісі ерек ел азаматы кешегі күннің медицина саласын бір кісідей біледі.  Ойы орамды ағаның әңгімесінен соны аңғаруға да болады.

Жүк ауыр болды      

Соғыс жылдарында әскери медицинаның алар орны ерекше. Неге десеңіз, әскери дәрігерлердің сол жылдарда арқалаған жүгі ауыр болатын. Ол кезде оқтан алған және химиялық улы жарылғыш заттан алған жарақаттарды жазбай тану және дер кезінде көмек беру әскери дәрігерлердің мойнына артылған үлкен жүк болды.  Сонымен бірге, әскери медицина мамандары әскери тәртіпті, техникалардың тілін, ату құралдарын пайдалана білуге міндетті еді.

Әрине, соғыс уақытында медицина саласын кенжелетпей үлес қосқандардың арасында қазақ азаматтары да бар. Сол кезде Ленинградта әскери медициналық академиясы (бүгінде Санкт-Петербург қаласы) талай әскери медицина қызметкерлерін баптап шығарғанын бәріміз білеміз. Оның қатарында қазақ азаматтары да болды. Соғыс уақытында санитар, санитарлық нұсқаушыларға және  медбикелер мен меднұсқаушыларға ауыртпашылық көп түсті. Бұдан кейін, медициналық санитарлық батальондар да өз қызметін көрсетті. Операцияны жүзеге асыратын хирургтар да өз міндеттерін атқарды. Жан беріп, жан алысқан сұрапылда әскери медиктеріміздің әр ісі мен еңбегі еш өлеусіз.

 

Госпитальдер құрылды

Ол уақытта госпитальдардың орта буыны болды. Майдандық, армиялық, тылдық госпитальдар жұмыс істеді. Сондай-ақ,  Алматы қаласында да аса ірі тылдық госпитальдің базасы бар еді. Сол жылдарда негізгі медициналық көмекті көрсететін осы госпиталь ғана болды. Соғыс біткен соң, аталмыш емдеу орны гарнизондық госпитальға айналды. Одан кейін, 1226 өңірлік әскери госпиталь болып ауысты. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алған тұста, 1226 орталық әскери госпиталі болып қайта құрылып, оның атауы Орталық клиникалық госпиталь болып өзгерді. Аталмыш госпитальдың тізгіні маған бұйырған еді. Мені тағайындаған – Сағадат Қожахметұлы.

 

Бел шеше кірістік

Жалпы, ол уақытта әскери медицинаның, госпитальдардың жағдайы  мәз емес-тін. Дәрі-дәрімектің жоқтығы, қаражаттың жетіспеушілігі, мамандар тапшылығы болды. Еліміздегі дәрігерлердің басым көпшілігі, яғни өзге ұлт өкілдері өздерінің тарихи отандарына қайтып кетті. Сондай қиын-қыстау кезеңде біз етек-жеңімізді жинай бастадық. Мұның бір дәлелі ретінде – орталық медициналық басқарманың құрылуы. Ол басқармаға қарасты 10-ға жуық госпиталь болды. Әр госпитальда 100 жатын орын болса, Алматыдағы орталық клиникалық госпитальде 1200-ге жуық жатын орны бар еді.

Кадр тапшылығы мәселесімен Медициналық басқарма бастығы Талғат Нұрмағамбетовке «Өзге жерде қызмет етіп жүрген қазақ азаматтарын елге алдырайық» деп өтініш жасаған болатынмын. Ол кісі бұл ұсынысымды құп көрді. Көп ұзамай, жан-жақта жүрген білікті қазақ азаматтарын бірте-бірте алдыра бастадық. Сонда да жұмыстың жүгі бір кемімеді. Госпиталь ғимаратының жағдайы да оңып тұрғаны шамалы. Ескі, әрі суық. Соған қарамай күндіз-түні тынбай қызмет еттік. 

 

Астанаға да бет бұрдық

Астана қаласында госпиталь құру жұмысын  сол кезде Қорғаныс министрі болған Сәт Тоқпақбаев маған артты.  Бір-екі  айдың ішінде ұсыныс айтып, жобасын жасау қажет болды. Қайткен күнде де аз уақыт аралығында госпиталь құруымыз керек,  себебі әскерилер азаматтық ауруханаларға қарап қалды. Қаланың медицина басшыларымен кездесіп,  келісіп, үлкен ғимараттың қажеттігін айтып бақтық. Айтқандай, екі айдың ішінде қойылған міндетті орындап, Алматыдағы әскери медицина мамандарын осы қалаға алдырта бастадық. 2000 жылы әскери госпиталь құрылып, өз жұмысын бастады. Әйтсе де, проблемалар да болды. Медициналық аппаратуралардың жоқтығынан арагідік кедергілер кездесіп тұрды. Бірақ, біздегі дәрігерлердің науқасқа деген күтімі мен қарым-қатынасы жақсы еді. Ал, қазір құрал-жабдық тапшылығы жоқ деуге де болады, тек дәрігерлер бар ынтасымен еңбек етуі керек. Өйткені, әскери дәрігерлер қай кезде де жауапты істі атқарған және олар жауапты әрі ерекше маман иесі болып қала береді.

 

         


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"