Әскери медициналық қызметкерлер алғаш рет Армия ойындарына қатысады

Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі әскери медициналық қызметкерлер алғаш рет «Әскери медициналық эстафета» байқауында Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалуда. Құрлық әскерлерінің Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығының базасында байқаудың ашылу рәсімі өтті.

Өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің 5 командасынан құралған үздік 34 әскери-медициналық маман жаттықтырудан өтіп, Құрлық әскерлері арасында «Әскери-медициналық эстафета» байқауында тартысқа түседі. Байқау шеңберінде әскери ақ желеңділер әскерлердің жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданып жүрген кәсіби дағдыларын паш етеді. Эстафетаның әрбір қатысушысы кедергілер жолағынан, атыс шебінен өтеді. Сондай-ақ ұрыс алаңынан шартты жаралыларды шығару және медика-санитарлық көмек көрсету бойынша кәсіби машықтарын көрсетеді. Мұның барлығын әскери медиктер жасай білуі тиіс. Қазіргі кезде үздіктерді, Армия халықаралық ойындары-2016 сайысында еліміздің намысын кім қорғайтынын анықтау үшін олар сайысқа түсуде. Осы жарыстың мақсаты халықаралық әскери ынытмақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардың әскери-кәсіптік қызметінің беделін арттыру болып табылады. Жеңімпаздар «Жеке шеберлік» пен «Командалық біріншілік» аталымдарында анықталады. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Ресей Федерациясында өтетін "Армия ойындары-2016" сайысының халықаралық кезеңінде қатысуды жалғастырады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"